Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

153 реткөрсетілді

«Егемен Қазақстан» газетінің жанынан құрылған медиа саласы өкілдеріне арналған оқу алаңының екінші маусымына тіркелу басталды.

Бұған дейін «Егемен академиясының» бірінші маусымы аяқталып, оған жүзден астам студент қатысқан болатын. Алғашқы маусымда Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, қоғам және мемлекет қайраткерлері студенттерге дәріс оқыды. Енді «Академияның» екінші кезеңі басталады.

Жоба жас журналистердің білімін шыңдауға, біліктілігін арттыруға және заманауи трендтермен танысуға мүмкіндік береді.

«Академияда» еліміздің журналистика саласының майталмандарымен қатар салалық тақырыптар бойынша мамандар білімімен бөліседі. Жобаның мақсаты –қазақтілді басылым қызметкерлерінің білімін арттырып, салалық журналистикаға бейімдеу, сондай-ақ өзекті тақырыптар төңірегінде талқылау алаңын кеңейту.

Жоба барысында жаңалық жазудан бастап, дата журналистика, фактчекинг секілді кейінгі кезде трендке енген тақырыптар аясы да қамтылады. Жоба үш айдан тұратын курстарға бөлінген. Әр курс аяқталған кезде өткен сабақтар бойынша танымдық мақала, эссе және сараптамалық материал жазған белсенді қатысушыларға арнайы сертификат табысталады. 

«Егемен академиясына» қатысуға ниет танытқандарға есігіміз ашық. Ол үшін www.egemen.academy сайтына кіріп тіркелу қажет. Тіркелу мерзімі 1 қазанға дейін созылады. Семинарлар қазан айынан бастап өткізіле бастайды. Алғашқы дәріс 5 қазанда болады.

Қосымша сұрақтар бойынша +7 7172 37 60 74, +7 7172 37 56 80 нөмірлеріне қоңырау шалып, academy@egemen.kz электронды поштасына жаза аласыздар.

Тіркелу үшін https://egemen.academy өтіңіз.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар