Бокс • 26 Қыркүйек, 2018

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Үндістанда өтетін болды

622 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Үндістанның Нью-Дели қаласында 13-25 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Үндістанда өтетін болды

Бокстан қыздар арасындағы ең алғашқы Әлем біріншілігі 2001 жылы АҚШ мемлекетінің Пенсильвания штатында орналасқан Скрэнтон қаласында өткен болатын.

Үндістан бұл сайысты осымен екінші рет қабылдап отыр (бірінші рет 2006 жылы болған). Естеріңізге салсақ, 2016 жылы біздің елде болған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсеткен еді. Атап айтсақ, Назым Қызайбай (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Валентина Хальзова (69 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81+ келі) алтыннан алқа тағынып, Жайна Шекербекова (51 келі) мен Айжан Ходжабекова (57 келі) қола медальға қол жеткізген еді.