Бокс • 26 Қыркүйек, 2018

Қазақстанның тумасы суперчемпион атағы үшін айқасады

142 реткөрсетілді

Қазақстанда туып-өсіп, кейінннен Германияға қоныс аударған атақты кәсіпқой боксшы Кристина Хаммер өзінің келесі жекпе-жегін 17 қарашада АҚШ-та өткізеді.

Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Сити қаласында өтетін бокс кешінде Кристина Хаммер америкалық Кларреса Шилдспен жұдырықтасады. Қазіргі кезде екеуі де орта салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атақтарын иеленіп отыр. Германиялық спортшы WBC пен WBO нұсқасы бойынша теңдессіз деп танылса, АҚШ-тың өкілі WBA (Super) мен IBF нұсқасының үздігі. Осы бәсекеде жеңіске жеткен боксшы абсолютті әлем чемпионы атанады. 

Боксшыларды жақынырақ таныстыра кетсек, Кристина Хаммер Қарағанды облысының тумасы. Бұл күндері Дортмундта тұрып жатқан ол 2009 жылдан бері кәсіпқой рингте бақ сынауда. Сол кезден бері 28 жастағы Хаммер 24 кездесу өткізіп, 23 рет жеңіске жетті. 10 қарсыласын нокаутпен ұтты. Тағы бір бәсекенің нәтижесі есепке алынған жоқ.

Ал 23 жастағы Кларреса Шилдс әуесқойлар арасында Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарын екі реттен ұтты. Кәсіпқой рингте бақ сынап жүргеніне екі жылға жуықтап қалды. Сол аралықта 6 рет шаршы алаңға көтеріліп, барлық бәсекені өз пайдасынан шешті. Екі қарсыласын есінен тандырды. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұқсас жаңалықтар