29 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №452

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 9 желтоқсан, Астана қаласы

Арнайы экономикалық аймақтар әкімшіліктерінің өкілеттік мерзімдерін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Арнайы экономикалық аймақтар әкімшіліктері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2012 жылғы 16 тамызға дейінгі мерзімде басқарушы компаниялардың функцияларын орындасын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж. Серіков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары -

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі       Ә.ИСЕКЕШЕВ.

 

Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы  № 452 бұйрығына  қосымша

1. «Индустрия және сауда министрлігінің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттік мекемесі. 2. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттік мекемесі. 3. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттік мекемесі. 4. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттік мекемесі. 5. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 20 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7344 болып енгізілді.