Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2018

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаева тұрғындарды қабылдады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Алматы қаласы мен Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарынан өтініш білдірген азаматтарды бейнеконференция тәртібінде қабылдады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаева тұрғындарды қабылдады

Шараға денсаулық сақтау, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қоғамдық даму, ішкі істер министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрғындардың өтініштері қаралды. Өтініштерде бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде лайықты білім алу, денсаулық қорғау, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншы болу мен қамқорлыққа алу, мектепте, сондай-ақ оқу орындарынан тыс жерлерде (ашық құдықтар) балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналары ажырасқан кезде балалардың тұрғылықты жерін және олармен қарым-қатынасты анықтау және басқа да мәселелер көтерілді.

Тұрғындарды қабылдау кезінде барлық өтініштер бойынша оң шешім қабылданды. Бейнеконференция барысында қойылған сұрақтарға бейнебайланыста болған облыс әкімшілігінің көмегімен жауап берілді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтбаева жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің назарын тұрғындар арасында тиісті ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу, балалар мен отбасылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету қажеттілігіне аударды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл осындай қабылдауды тоқсан сайын өткізетін болады.

Қазақстан Республикасы

 Парламенті Сенатының

 баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55