Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2018

Ақтөбелік аграршылар 500 мың тоннадан астам бидай жинауды жоспарлап отыр

634 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Құсайн Сарсембай мәлімдеді.

Ақтөбелік аграршылар 500 мың тоннадан астам бидай жинауды жоспарлап отыр

Оның айтуы бойынша өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік алқабы 758,4 мың га жерді құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 443,7 мың га, майлы дақылдар - 50 мың га, мал азығы – 253 мың га, картоп - 6,2 мың га, көкөніс  пен бақша дақылдары - 5,5 мың га құрайды.

Өнімнің жалпы құрылымын әртараптандыру есебін 2017 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар үлесі 59,4% - дан 58,5% - ға дейін төмендеді, жемшөп 32,6% - дан 33,4% - ға дейін ал, майлы дақылдар 6,3% - дан 6,6% - ға өсті.

«Қазіргі уақытта дәнді дақылдардың 89 % жиналды. Орташа өнімділік гектарына 10,3 центнерден, жалпы өнім 404 мың тоннаны құрады. Бидай 261 мың гектар жерден, қысқы дәнді дақылдар - 6 мың гектар, арпа 115,2 мың гектардан жиналды. Ақтөбе қаласы мен Темір, Ойыл, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар аудандарында егін жинау жұмыстары аяқталды. Жоғары өнімділік Темір, Мұғалжар, Мәртөк және Хромтау аудандарында байқалады. Қыркүйек айының  аяғына дейін барлық жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз »,- деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ,  2018-2019 жылдарға 2,4 млн.тонна көлемінде шөп қоры дайындалды.

Айта кетейік, облыста жаңа өнім астығын қабылдау үшін сыйымдылығы 368 мың тонна болатын 6 лицензияланған элеватор жұмыс істейді, сонымен қатар,қуаттылығы 123,4 мың тонна болатын 184 астық қойма бар. Жұмыстарды жүргізуге 1181 комбайн, 1454 жүк көлігі мен 118 механикаландырылған ток жұмылдырылды.

Өңірдің 2018 жылы дизельдік отынға деген қажеттілігі 8,5 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 3,6 мың тоннасы арзандатылған  отын түрінде тасымалданды.