Кино • 27 Қыркүйек, 2018

«Томирис» фильмінің соңғы түсірілімдері жүріп жатыр

834 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Массагеттер патшайымы туралы – «Томирис» ауқымды тарихи фильміне арнайы  «Қазақфильм» киностудиясының территориясында соғылған «Вавилон» декорациясында соңғы түсірілім жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

«Томирис» фильмінің соңғы түсірілімдері жүріп жатыр

Массагеттер патшайымы туралы – «Томирис» ауқымды тарихи фильміне арнайы  «Қазақфильм» киностудиясының территориясында соғылған «Вавилон» декорациясында соңғы түсірілім жұмыстары жүріп жатыр.  

Фильмнің бас продюсері – Әлия Назарбаева («Анаға апарар жол»). Қоюшы режиссері – Ақан Сатаев («Ликвидатор», «Рэкетир», «Адасқандар», «Жаужүрек Мың Бала», «Анаға апарар жол»).
Естеріңізге сала кетейік, былтыр сәуір айында «Қазақфильм» киностудиясы «Сатайфильм» кинокомпаниясымен бірлесе ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Томирис» фильмін өндіріске жіберген болатын. Фильм  біздің заманымызға дейінгі VI ғасыр массагеттер патшайымының бастауымен  байтақ даланы басып алуды көздеген парсы патшасы ІІ Кирге  ойсырап төтеп бергені туралы баяндайды. 

Жалпыреспубликалық кастингтің нәтижесі бойынша басты рөлге 15 000 үміткер анықталып, актриса-дебютант Альмира Тұрсын таңдалып алынған. Сонымен қатар, фильмде танымал отандық актерлер: Әділ Ахметов, Берік Айтжанов, Асылхан Төлепов, Азамат Сатыбалды және басқалар түседі. Кирдің рөліне «Царство небесное» фильмі арқылы танылған ұлты араб америкалық актер Гасан Масуд шақырылған.  Айта кетелйік, барлық бсты кейіпкерлер тренерлік дайындықтан өткен. Ұрыс сахналарын қоюшы Жайдарбек Кунгужиновтың «Nomad»  лагерінде атқа міну, садақпен ату, суық қаруды меңгеру, ат үстінде пайдалана білу сынды басқа да әскери әрекеттерді үйренген. Фильм үшін қажетті реквизитті әзірленген – киім-кешек, аяқ киімі, сол дәуірге сай әшекей бұйымдар мен қару-жарақтар. Басты кейіпкерлер мен эпизодта ойнайтын актерлерге 1000 киім комплект, ал Томириске 20 костюм тігілген. Сонымен қатар, 10 мың қару-жарақ жасалған. 

Фильм не жайлы?

Бұл ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады.  Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының  патшасы Кирмен шайқасады.