29 Желтоқсан, 2011

Ана мен бала қоғамның басты байлығы

9 мин
оқу үшін
Қазақстан өзінің сыртқы саяса­тының басымдығы ретінде әлем­дік қоғамдастықпен интеграцияны анықтады. Әлем елдерінің көпші­лігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық деклара­циясында (2000 ж.) ерлер мен әй­елдердің теңдігін көтермелеу, әй­ел­дердің құқықтары мен мүмкін­діктерін кеңейту үшінші мың­жыл­дықтағы адамзат дамуының негізгі мақсаттары ретінде айқындалған. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында да белгілі бір дәрежеде ілгеріледі. Қазақстан Рес­публикасының Конституциясы мен Қазақстан қосылған халық­аралық актілерде жарияланған, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық салаларына тең жағдайда қатысуы Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің «Қазақстан Республика­сында 2006-2016 жылдарға арнал­ған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының басты мақсаты болып табылады. Еңбек рыногында әйелдерге сұ­­ра­ныс аздау. Осыған орай, әйел­дер арасындағы жұмыссыздық ерлерге қарағанда жоғары. Қазіргі кезде, жалдамалы жұ­­мыс­пен қамтылған тұлғалардың ішінде әйелдер жартысынан көбін құрай­ды. Бірақ олардың жалақысы ерлер­дің жалақысының тек 66%-ын құрай­ды. Мұның себебі, әйел­дер әдетте өз­деріне тән денсаулық сақ­тау немесе білім беру салала­рын­да бол­сын, тө­мен төленетін лауазым­дарда жұмыс істеуіне бай­ланысты қалыптасуда. Ерлер мен әйелдердің гендерлік теңдігіне қол жеткізуге және жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікті жоюға бағытталған тұ­жырымдамаларды, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру мақсатында 2009 жыл­дың 8 желтоқсанында «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» ҚР Заңы қа­былданды. Заңға сәйкес, ананы, ба­ла­ны және әкені, әйел­дерді жүкті­лігіне және босануына, сондай-ақ ерлердің өмір сүру жа­сының ұзақ­тығын ұлғайтуға бай­ланысты қор­ғауға бағытталған шаралар жы­ныс­тық белгісі бойынша кемсітушілік шаралары деп санал­майды. Халықтың өмір сүруінің сапа­сы мен деңгейін арттыру негізд­е­рінің бірі ана мен баланы лайықты әлеу­меттік қолдау болып табыла­ды. «Халық денсаулығы және ден­сау­лық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес, ана болуды қор­ғау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, ұр­пақты болу жасындағы әйелдер­ге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңбе­рінде медициналық тексеріп-қарау, олар­ды динамикалық байқау және сау­ықтыру, сонымен қатар 1 жасқа дейінгі баланы емізетін ана ба­ланы күтіп-бағу үшін медицина­лық ұй­ымда болған барлық ке­зеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Халықты гигиеналық оқыту, от­басын, ананы, әкені және бала­ны қорғау тәулік бойы меди­ци­налық бақылауы болмайтын, дә­рі­герге дейінгі немесе білікті меди­циналық көмек деңгейінде және адам, от­басы және қоғам деңге­й­інде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әйел­дің ана болу туралы мәселені өзі ше­шуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақса­тын­да, өзі қала­май­тын жүктіліктен сақтанудың қазір­гі заманғы әдіс­те­рін еркін таң­дауға құқығы бар. Әйелдердің және отбасылық мін­деттері бар өзге адамдардың ең­бегін реттеу ерекшеліктері Ең­бек Кодексінің келесі нормаларды қа­рас­тыратын 17-тарауымен реттеледі: 1) жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-бала­ны) тәрбиелеп отырған жалғыз­бас­ты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отыр­ған өзге де тұлғалармен еңбек шар­тын жұмыс берушінің баста­масы бойынша, ҚР заңнамалық актілерімен көзделген теріс жағ­дайларды қоспағанда, бұзуға жол берілмейді; 2) егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүк­тілігі туралы медициналық қоры­тын­ды ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күті­міне байланысты демалыс аяқтал­ған күнге дейін ұзартуға міндетті. 3) әйелдердің еңбегін ауыр жұ­мыстарда, еңбек жағдайлары зиян­ды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады; 4) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан аса­тын жүкті қолмен көтеруіне және жылжытуына тыйым салынады; Еңбек Кодексінің нормаларына сәйкес, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты қалыпты босану кезінде 126 күнтізбелік күн­ге, ал қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 140 күнтізбелік күнге дейін демалыс беріледі. «Семей ядролық сынақ полиго­нын­дағы яд­ролық сынақтардың салда­рынан зардап шеккен азаматтарды әлеу­меттік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, қалыпты босану жағдай­ын­да 170 күнтізбелік күн және ауыр босанған жағдайда 184 күн­тізбелік күн қарастырылған. Республикадағы балалы отба­сы­ларды әлеуметтік қолдау ке­зе­гі­мен дамуда. 2006 жылы «Ба­лалы от­­ба­сы­ларға арналған мемлекеттік жәр­­демақылар туралы» ҚР Заңы қол­да­нысқа енгізілді және оған сәй­кес 2006 жылдан бастап бала тууы­на байланысты бiржолғы мем­ле­кеттік жәрдемақы мен отба­сының табы­сына байланыссыз бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтi­мiне байланысты мемлекеттік жәр­демақы, сондай-ақ аз қамтыл­ған отбасылардағы он сегіз жасқа дейiнгі балаларға мемлекеттік жәр­демақылар төлеу қарасты­рылған. “Қазақстан Республика­сында­ғы арнаулы мемлекеттік жәрдем­ақы туралы» Қазақстан Республи­ка­сының Заңына сәйкес жанұя­да­ғы жан басына шаққандағы та­бы­сының мөлшеріне қарамастан бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар және марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік бюджеттен ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады 2008 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап ана мен жаңа туған баланы қорғауға байланысты міндетті әл­еу­меттік сақтандыру енгізілді. Мін­детті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып жұмыс берушілердің және (немесе) өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ет­кен тұлғалардың ай сайынғы әл­еуметтік аударымдар төлеген ең­бек шарттары бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар болып табы­лады. Осыған байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйе­сі­нің қатысушысы болып табылатын еңбек ететін әйел жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ал­ғаннан кейін жұмыс орнында жүк­тілігіне және босануына байла­ныс­ты демалысқа шығып, тұрғы­лықты жерінде орналасқан Зей­нет­ақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне ба­рып Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тан­дыру қорынан (МӘСҚ) тағай­ындалатын жүктілігіне және бо­са­нуына, жаңа туған баланы (бала­ларды) асырап алуына байла­ныс­ты табысынан айырылу жағ­да­йына бір реттік әлеуметтік төлем алуға құжаттарын өткізе алады. Ана мен баланы әлеуметтік қор­ғау еңбек ететін әйелдермен қа­тар еңбек етпейтін әйелдерге де көрсетіледі. Бұл орайда, жүктілі­гіне және босануына бай­ла­нысты тағайындалатын әлеу­мет­тік төлем­дерден басқа жәрдем­ақыларға жа­ңа туылған баланың әкесі немесе шешесі құжаттарын өткізе алады. 2005-2010 жылдары Қазақ­стан­да балалардың туылу көрсет­кіш­терінің және МӘСҚ-дан жүктілі­гіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы­на байланысты табысынан айы­ры­лу жағдайына бір реттік әлеумет­тік төлем алушылардың санының өсу қарқыны байқалады. 2011 жылдың 1-ші желтоқ­са­нына дейінгі МӘСҚ-дан төленген әлеуметтік төлемдердің 93%-ы жүк­ті­лігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айы­­рылу жағдайына бір реттік және бала бір жасқа толғанға дей­інгі оның күтіміне байланысты та­бысынан айырылған жағдайға ай сайынғы төленетін әлеуметтік төлемдер болып табылады Сонымен қатар, егер бұрын декреттік демалыста болған әйел­дер­ге зейнетақы жарналары жүргізіл­месе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігі, босануы және ана­лық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байла­нысты әйелдің бала күтімі бой­ынша демалыста болған кезінде әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталынып, алушының жинақтаушы зейнет­ақы қорына жолданады. Ана мен баланы қолдау халық­тың өмір сүру сапасы мен дең­гей­ін, мәдениетін, білімін, эконо­ми­ка­лық жағдайын нақты баяндайтын көрсеткіш болып табылады. Сон­­­дық­тан жүктілікті, босану мен аналықты міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу ана мен бала өмірі маңызды орын алатын қоғам құруға жетелейді. Гүлбағила БОЛАТБЕКОВА, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ департамент директоры.
Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44