29 Желтоқсан, 2011

«Мұнайшы» қоры – зейнеткер мұнайшылар жанашыры

842 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Н.Ә.Марабаев атындағы «Мұ­най­шы» қоғамдық қоры 2004 жы­лы халқымыздың елжанды аза­мат­тары, еліміздің мұнай-газ са­ла­сының жанашырлары Нәсіп­қа­ли Марабаев, Асқар Құлыбаев және Орал Ақшолақовтардың құ­рылтайшылығымен дүниеге келген болатын. Содан бері қарай зей­неткер ардагер-мұнайшы­лары­мыз­дың әлеуметтік жағдайларын жақсарту мәселесі мен проблема­ларына көңіл бөліп, олардың ой­дағыдай шешілуіне тыңғылықты араласып келеді. Қордың жұмы­сын негізінен Қамқоршылық ке­ңе­сі басқарады, оның құрамы кезінде мұнай өнеркәсібін ұйымдас­тыруға ерен еңбек сіңірген, өн­дірістік кәсіпорындарды, аудан, облыс және республика кеңіс­ті­гінде басшылық қызметтер атқа­рып, ел басқарған ардагер-мұнай­шы­лардан жасақталған. Қордың іс жоспарлары, қаржылық смета, бюджеттері Кеңестің мәжілісінде тыңғылықты талқыланып бекітіледі, әр жыл аяғында міндетті түрде аудит жүргізіледі. Өткен 8 жылдай мезгіл ішінде Қор ардагер мұнайшыларымызға материалдық және рухани қайы­рым­дылық көмек көрсетуде қыруар жұмыстар атқарды. 2005 жылы Қазақ мұнайының энциклопе­дия­сы 2 томдық көлемді кітап болып жарық көрді. Осы анықтамалық әдебиетте жүз жылдан астам та­рихы бар еліміздің мұнай-газ са­ла­сында үздіксіз еңбек еткен 2500-ден астам азаматтың қыс­қа­ша өмір жолдары үш тілде, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылып, тарих тізіміне мәңгілік енгізілді. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына арнап «Мұнайшы арулар еңбегі – ерлік ескерткіші» тақырыбымен соғыс­қа аттанған жұбайларының тума-туыстарының еңбек майданында орнын басып, майданға үзбей мұнай жөнелткен 500-ден астам апа-аналарымыздың ерен еңбек­тері баяндалған кітап шығарыл­ды, Жеңістің 65 жылдығына «Қа­зақ­стан мұнай өнеркәсібі соғыс жылдарында» атты кітап жарық көрді. Қордың тындырып жатқан тағы бір ізгі ісі – ұлттық мұнай-газ өндірісімізде өшпес із, өз қол­таңбаларын қалдырған ардагерлерімізге арналған «Қазақ мұнайы­ның ардақтылары» атты сериямен шығатын кітаптар. Бұл сериядан 50 кітап шығарып үлгердік. Қор әр мұнайлы өлкелерде мұнайшылардың Даңқ аллея­ла­рын архитектура өнерінің жаңа талаптарына сай етіп қала тұр­ғын­дарына қызықты демалыс ор­ны боларлықтай сәулетті кешен салуды мәселе етіп қойған бола­тын. Ол жерде өңірдегі мұнай-газ саласының қызметтерін дамытқан мекемелер мен ұжымдардың ат­тарын мұнай кен орындарын ашып, өндірістік тұрғыда игеруге атса­лы­сып, сүбелі еңбек сіңірген ар­дақты ардагер-мұнайшылары­мыз­дың аттарын айшықтап көрсетіп мәңгілік тарихи мұражай іспеттес етіп көрсету көзделген. Әзірге Даңқ аллеясы еліміздің екі облы­сында, Орал және Жаңаөзен қала­ларында салынып, халық игілігіне тапсырылды. Осы өтіп бара жатқан 2011 жы­лы Н.Ә.Марабаев атындағы «Мұ­най­шы» қоғамдық қоры өзінің жар­­ғы­сында анықталып көрсетілген әлеу­меттік жағдайлары төмен ардагер мұнайшыларымыздың от­бас­тары­на қайырымдылық көмек көрсету жұмыстарымен қатар мұ­най сала­сындағы бірнеше мерей­той­лық ша­ралардың ұйымдас­ты­рылуына атсалысып, дайындығы­нан бастап жоғары дәрежеде өтуі­не белсене араласты. 2011 жыл Қор үшін негізінен Қазақ мұ­найы­ның бағын аш­қан алғашқы кен орындарының бірі – Дос­сор­дың 100 жылдығы, Маң­ғыстау мұ­найының ашылуы­ның 50 жылды­ғы және Құмкөл кен орны өнді­ріс­тік игерілуінің 25 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды жү­зе­ге асыруға үлес қосуымен өтті. Осы мерейтойлық шаралардың жос­парларын жасақ­тап, ұйымдас­ты­рып, іске асыруға бағытталған жұ­мыс тобы «Қаз­Мұ­найГаз» ҰК» АҚ бұйрығымен бекітілді, жұмыс тобы құрамында «Мұ­найшы» қоры да қатынасып, бірлесе еңбек етті. Дос­сор кен ор­нының, жалпы Ембі мұ­найлы өл­кесінің дамуы, өсіп-өр­кен­деуіне және Маңғыс­тау­да мұнай көзінің ашылуы, оның игерілуіне еңбек сіңірген ар­дақты ардагерлер жай­ында «Қа­зақ мұнайының ар­дақ­­ты­лары» сериясымен 19 кітап шы­ғару бағдарламаға енгізілді. Газет беттерінде, радио хабар­ларында ардагер мұнайшы жеке тұлғалардың өмір жолдары ар­қы­лы мұнай-газ саласының өркендеп даму жолдары туралы ақпараттық материалдар ұйымдастырылды. Қор­дың ұйымдастыру басшылы­ғы­мен теледидардан көрсетілетін жарнамалық та, тәрбиелік те мән-мағынасы бар «ҚазМұнайГаз» ұлт­­тық компаниясының әлеу­мет­тік 7 бейнебаяндары шығарылды. Американың оқымыстысы Дэ­ниел Ергин ағылшын тілінде шы­ғарған «Добыча всемирная история борьбы за нефть, деньги и власть» мұнай тарихы, мұнайдың саясатқа ықпалы, басқа да мұнай төңірегін­дегі мәселелер жөніндегі кітап­тың Мәскеуден орыс тілінде шы­ға­рылуына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атынан демеушілік көмек көрсеттік. Мұнай саласының, мұнайшы­лар­дың әлеуметтік жағдайлары­ның тәуелсіздік жылдардағы өз­герістері мен қол жеткізген та­быс­тары жөнінде материалдар да­йындалып, газет беттерінде, «Шал­қар» радио­сы­ның хабарларында берілді. Мұнайшылардың кәсіби мерекелік күндерінде Алматы мен Астанада тұратын зейнеткер арда­гер-мұ­­найшыларды Маңғыстау мен Аты­­рау облыстарына «ҚазМұнай­­Газ» ӨБ» АҚ ұйымдастырған чартерлік рейспен апарып жергілікті ардагерлермен бірге мерейтойлық іс-шараларға қатыстырып қайт­тық. Олар облыс орталықтары Атырау мен Ақтау, мұнайшылар кенттері Жаңаөзен мен Доссорда болып, тәуелсіздік жылдардағы мұнайшы­лардың әлеуметтік жағ­дай­лары­­ның өміршең өзгеріс­те­рін өз көз­дерімен көріп, соңғы жыл­дардағы жетістіктерге қуа­ныш­ты, көңіл толарлықтай сезіммен оралды. Сонымен қоса Қордың негізгі жарғыда белгіленген міндеттері ор­ындалды. Осы үстіміздегі жыл­дың 11 айында 544 адамға қайы­рым­ды­лық көмек көрсетілді, оның ішінде 301 адамға ай сайынғы көмек берілсе, 243 адам бір реттік көмекпен қамтылды, сол ардагерлеріміз 41 562 770 теңге көлемін­де қайырым­дылық көмек алды. Қайырым­ды­лық көмек ретінде зейнеттегі ардагер мұнайшылар 591 мың теңге көлемінде газетке жаздырылды. «Қазақ мұнайының ардақ­ты­лары» сериясымен үстіміздегі жыл­дың 11 айында 15 кітап баспадан шықты, жыл аяғына дейін тағы бесеуі жарық көрмекші. Осы жа­рық көрген кітаптардың басым көп­шілігі Доссордың 100 жыл­дығы мен Маңғыстау мұнайының 50 жылдығына арналып шыға­рыл­ған туындылар. Доссордың 100 жыл­дығы мен Маңғыстау мұ­найы­ның 50 жылдығына арналған кітаптардың жазылып, баспадан шығуына «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ және Маңғыстау облыстық әкім­дігі жеткілікті мөлшерде ар­найы қаражат бөліп, демеушілік етті. Қордың негізгі мақсаты мен мүддесі – әлеуметтік жағдайы өте нашар, көмектесетін ешкімі жоқ, зейнетақыдан басқа табыс көзі жоқ зейнеткерлерге қайырым­ды­лық көмек көрсету. Осындай тың серпінді кең көлемді кешенді бағ­дар­ла­малардың ойдағыдай жүзеге асуы мұнайшылар қауымын әсі­ре­се ардагерлерімізді қуанышқа бө­леу­де. Ұлттық дамуымыз бен мемлекеттік нығаюымызға ауадай қа­жет жұртшылық көңілінен шы­ғар­лық жаңа бастамалар көтеріп, ардагер мұнайшыларымыздың әл-ауқатын жақсартуда талай игілікті іс­тер атқарылып, оның жүзеге асуын ыждағатты қадағалауда «Мұ­найшы» Қоры ерекше белсенділік танытуда. Қор мен «ҚазМұ­найГаз» ҰК» АҚ және оның еншілес компанияларымен бірлесе отырып 2006-2011 жылдарға ар­нал­ған өзара түсіністік Мемо­ран­думын басшылыққа ала отырып, осы компаниялар негізгі демеушілік көмек көрсетіп келеді. Жұ­мыс­ты әрі қарай жалғастыруға сол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компанияларымен 2011-2016 жылдарға арналған Мемо­ран­думға қол қойылды. Осы газет бетін пайдаланып 2011 жылы Қорға демеушілік көмек көрсеткен компаниялардың тізімін жариялауды жөн санадық. Олар мыналар: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қаз­МұнайГаз» ӨБ» АҚ, «ҚазТранс­­Ойл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Өңдеу және Маркетинг» АҚ, «Қаз­Транс­Газ» АҚ, «Маңғыстау МұнайГаз» АҚ, «Жа­йықМұнай» ЖШС, «Қор» Мұнай Компаниясы» АҚ, «Са­занҚұрақ» ЖШС, Маңғыстау об­лыстық әкім­ші­лігінің «Демеу» Әлеуметтік қол­дау қоры», «Пет­ро­Қазақстан Құм­көл Рисорсиз» АҚ», «Қаз­НИГРИ» ЖШС, «Азимут» ЖШС. Осы орайда, қамқор қолын соз­ған компания басшыларына, олар­­дың ұжымына еліміздегі 9 мыңдай зейнеткерлердің басын біріктіріп отырған Н.Ә.Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің және ди­рек­циясы атынан жүрек түбінен шыққан шынайы риза­шы­лығы­мыз­ды білдіре отырып, оларға елі­міздің экономикасын да­мытуға, тәуелсіздігіміздің мәң­гілік болуы­на жемісті еңбек етулеріне, Ал­ла­ның абыройына бөленіп, ба­қытты болуларына тілектестік білдіреміз. Бірлескен жұмысымыздың мерейі үстем болғай!

Сайлау ЖЫЛҚАЙДАРОВ, қордың атқарушы директоры.