Оған Қазақстан атынан 2 команда қатыспақ. Ел чепионы "Қайрат" "А" лигасының үшінші тобына түсті. Онда қарсыластар қатарында "Феникс" (Косово), "Лида" (Белорус), және "Спортинг" (Португалия) клубтары бар. Алғашқы ойынды "Қайрат" 3-қазан күні түнгі сағат 01-30-да жергілікті "Феникске" қарсы ойнап бастайды. Осы ойындарды "Хабар" арнасы күнделікті тікелей эфирде көрсетіп отырады.
3-қазан 01-30
"Феникс" - "Қайрат"
4-қазан 23-00
"Қайрат" - "Спортинг"
6-қазан 23-00
"Спортинг" - "Қайрат"
Айта кетуіміз керек, ойындардың барлығы Косовода өтеді. Келесі айналымға топтағы төрт команданың үшеуі шығады.
Сонымен қатар, аталған турнирге Қазақстанның күміс жүлдегері "Ақтөбе" футзал клубы да қатысады. Олар "В" лигасының 6-шы тобына түсті. Ақтөбелік аяқдопшылар ойындарын Хорватия елінде өткізеді.