29 Желтоқсан, 2011

Полигон жайлы аудиоспектакль

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Белгілі жазушы Роллан Сейсенбаевтың полигон жайлы шығар­масының желісі бойынша Семейдегі Достық үйі мен қала жаст­а­рының күшімен аудиоспектакль дүниеге келгеніне көп уақыт өткен жоқ. Жастық шағында жазушының өзі көзбен көрген атом полигонындағы ядролық жарылысты суреттейтін аудиоспектакльді жұртшылық жылы қабылдады. Жақында «Невада-Семей» халықаралық ядролық қозғалы­сы­ның вице-президенті Султан Картоев Өскемендегі Достық үйінде осы фильмнің тұсаукесер рәсімін жасады. Семейдегі Достық үйінің директоры Шолпан Балғозина, жарылысты көзбен көрген Болат Серікбаев ядролық апаттың адамзатқа жасаған қиянаты жай­лы айта келіп, полигонды жапқан Елбасы Н.Назарбаевтың қо­ғам­да­ғы рөлі жайлы баяндады. Фильм аяқталған соң С.Картоев екі жур­налисті мерекелік медальмен марапаттады. Оңдасын ЕЛУБАЙ. ӨСКЕМЕН.