Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018

Ақай және Төретам ауылының тұрғындары медициналық қызметті ғарыш айлағынан алады

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Байқоңырға жақын орналасқан Ақай және Төретам ауылдарының тұрғындары медициналық қызметті ғарыш айлағынан ала алады. Бұл Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің үкіметаралық келісімдерінің нәтижесінде іске асып отыр.

 

Ақай және Төретам ауылының тұрғындары медициналық қызметті ғарыш айлағынан алады

Ғарыш айлағы қаласына таяқ тастам жерде отырса да осы екі ауылдың басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындары дәрігерлік ем алу үшін тоқсан шақырым жердегі Қармақшы ауданына баруға тиісті болатын. Енді ол күндер артта қалды. Байқоңыр қаласындағы ашылған емханаға қажетті медициналық құрал-жабдықтарды алу үшін 64 млн. теңге бөлінген.

Медициналық орталық қажетті мамандармен толығымен қамтамасыз етілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан азаматтары, оның ішінде зейнеткерлер, 18 жасқа дейінгі балалар және Байқоңыр қаласында тұратын жұмыссыз азаматтар облыстық медициналық орталық филиалының қызметін пайдалана алатындығын айтады.

Қазіргі таңда, вакцинация жасау, амбулаториялық деңгейдегі тегін дәрі-дәрмектермен қамту, диспансерлік науқастарды динамикалық бақылау, алдын-ала тексеруден өткізу атап айтсақ, әскерге шақыру алдындағы және жасқа толғанға дейінгі балаларды медициналық тексеруден өткізу сияқты бірқатар проблемалық мәселелерді шешу үшін жұмыс тобы құрылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.