29 Желтоқсан, 2011

Әлімхан Ермеков мұрасының маңызы

782 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Л.Н.Гумилев ат­ындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институты көрнекті Алаш қайраткері, ғалым, ал­ғаш­қы математика оқулығы автор­ларының бірі Ә.Ермековтің туға­нына 120 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақстан және  Әлім­хан Ермеков мұрасы» атты ғы­лыми-практикалық конференция өткізді. Ғылыми жиынды ұй­ымдастырушылар Алаш Орда­ның және қазақ зиялыларының ұлт тарихындағы, тәуелсіздік пен білім-ғылым бастауындағы миссиясын қайраткер, ғалым Ә.Ермековтің мұрасы арқылы зерделеуді мақсат еткен. Конфе­рен­цияға академик Мұх­тарбай Ө­т­ел­баев,  Адам құқықтары жөнін­де­гі өкіл Асқар Шәкіров, жазу­шы Алдан Сма­й­ыл, Ұлттық мұ­ра­ғаттың бас ди­ректоры Марат Әбсеметов және басқа да ға­лым­дар мен  мамандар қатысып, баяндама жа­са­ды. Танымал ға­лым­дар­дың тәу­ел­­сіз­дік үшін кү­рес­кен, қазақ жерінің тұтас­ты­ғын большевиктер көсе­мі В.И. Ле­нин­­нің ал­дын­да дә­лел­дей алған аза­мат-тұлға туралы жан-жақты ой­лары елорда зия­лы­ларына, сту­дент қауы­мына ерекше әсер етті.

Шара барысында Әлімхан Ер­мековтің немересі Олег Ма­ғау­ияұлы бастаған Алаш тұл­ға­ларының ұрпақтары естеліктер айтты. Қайраткер сөзінің түпнұс­қа мәтіні хатталған аудиожазба тыңдалынды.

Ғылыми жиын қорытын­ды­сын­да Алаш қайраткері, алғаш­қы математиктердің бірегейі Ә.Ермековтің аты мен еңбегін республика және  елорда көлемінде ұлықтау, еске алу туралы қарар қабылданды.

«Егемен-ақпарат».