Футбол • 28 Қыркүйек, 2018

Футболдан EURO-2024 Германияда өтеді

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа футбол ассоцияциялары одағы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізетін елді жариялады, деп хабарлайды Euronews.

Футболдан EURO-2024 Германияда өтеді

УЕФА басшысы Александр Чеферин келесі Еуропа чемпионатының Германияда өтетінін жариялады.

Үміткерлер тізімінде Германиядан бөлек Түркия да болды. Бұған дейін Түркия мемлекеті 2008, 2012 және 2016 жылдары да Еуропа біріншілігін өткізуге ниетін білдірген болатын.

Германияның алға шығу себебі – мемлекеттің үлкен жарыстар өткізу тәжірибесі  мен бай спорттық дәстүрі. Сонымен қатар, чемпионатқа дайындық пен инфраструктурасы толық дайын. Мұнымен қоса, басқарма мемлекеттегі адам құқықтарының қорғалуын да есепке алды.

ГФР бұған дейін Еуропа біріншілігін 1988 жылы өткізген болатын. Германия мемлекетінде футболдан 2 Әлем чемпионаты да өткен.