Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2018

Алпыс жыл бұрынғы айтыс

1440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1958 жылдың қоңыр күзі Қостанай өлкесіне зор қуанышын ала келген еді. Мәскеуде өткізілетін қазақ әде­биеті мен өнерінінің онкүндігі құрметіне облыс ақындарының ай­тысын өткіземіз деп жар­ғақ құлағы жас­тық­қа тимей жүрген жі­гіт­тердің біразы ертең бақ сынамақ.

Алпыс жыл бұрынғы айтыс

Облыстық «Коммунизм таңы» газетінің қыз-келін­шектерін күлкіге қарқ қы­лып тұрған бұл суреттегі жі­гіт – халық ақыны Омар Ши­пин «қаршығадай Қауаз» деп атаған Тәжімақин Қауаз.

Жаңадан өркен жайып, кеншілердің ордасына айналып келе жатқан Рудный қаласының атынан айтысатын өнерлі жан таба алмаған соң, сол кезде облыстық мәдениет басқармасының бастығы қызметін атқарып, әрі айтысты ұйымдастырып, мұрнына су жетпей жүрген Қауаз аға айтысқа өзі шық­қан. 

Айтыс басталып, бір-біріне сыры мәлім сәйгүлік ақындар кес­телі сөзді кесегімен тө­гіп, халықтың ықыласына бөленіп жатыр. Бір кезде Қос­танай мен Рудный қаласы ақындары шығатынын хабарлады. Қауаздың қарсыласы – «Коммунизм таңы» газеті әдебиет және мәдениет бө­лімінің меңгерушісі Мү­сі­лім Дос­мағамбетов. Екі ақын бір-бірін аңдысып, қа­ла­лардың кемшіліктерін айтып отырады. Рудный жас қала болғандықтан кем-кетігі мол­дау. Бірақ ғасырға жуық та­рихы бар Қостанайдың да кемшілігі әр жерден көрініп тұ­рады. Наримановкадағы жеті жыл салынып, бітпей жат­қан көпірді айтқанда кө­пір­ден әбден зерезап болған халық көтеріліп, қошеметтей жө­неледі. Сөйтіп Жеңіс Руд­ный қаласының ақынына беріледі. 

Қажы ҚОРҒАНҰЛЫ,

тележурналист,
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері