Қоғам • 05 Шілде, 2024

Қаңтар оқиғасы: Кішкентай Айкөркемді өлтірді деген әскери қайта сотталды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланып, қару қолданған әскери Арман Жұманның ісі қайта қаралды, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қаңтар оқиғасы: Кішкентай Айкөркемді өлтірді деген әскери қайта сотталды

Фото: Мәлім.кз

Бұған дейін Алматы гарнизоны әскери соты Арман Жұманға үкім шығарып, оны ақтаған еді. Алайда әскери прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркемді өлтірді деп айыпталған Арман Жұманға шыққан үкіммен келіспейтінін жеткізіп, аппеляциялық сотқа шағымданған.

Соттың осы сатысында ол қайта айыпталды.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, яғни жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындысы және заттай айғақтармен дәлелденді.

Әскери соттың сот алқасы ақтау үкімінің күшін жойып, жаңа үкім шығарды.

Жаңа үкімге сәйкес Қылмыстық Кодекстің 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша А.Жұман кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Апелляциялық үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық іс жабық сот отырысында «құпия» белгімен қаралды.