30 Қыркүйек, 2018

Жамбыл облысында Еңбек жастарының республикалық форумы басталды

166 реткөрсетілді

28 қыркүйекте Жамбыл облысының «Меркі» шипажайында салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Еңбек жастарының республикалық форумы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі. 

Форумның негізгі мақсаты - жұмысшы кәсіптерін өзектендіру, қоғамның материалдық игіліктерін қамтамасыз ететін Еңбек адамының беделін арттыру.

Форумды ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайым ашып, қатысушылар алдында сөз сөйледі. ҚРКФ басшысы бүгінде Қазақстандағы еңбек жастарына жеткілікті назар аударылмайтындығын атап көрсетті. 

«Біз кәсіподақтар қызметіне жастарды белсенді түрде қатыстыруымыз тиіс. Өздеріңіз білетіндей, ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында кәсіподақ саласы қызметкерлеріне арналған «Еңбек адамы: Қазақстанның жаңа келбеті» байқауын жариялады. Еңбек жастарының өкілдері біздің үміткерлер болатындығына сенімдімін!» - деп атап өтті Бақытжан Әбдірайым.

Форум жұмысына ҚР Тұңғыш Президент Қорының Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай мен Геннадий Шиповских, «Қазфосфат» ЖШС Бас директоры, Қазақстанның Еңбек ардагері Мұқаш Ескендіров, ҚР ҚДМ жастар және отбасы комитеті төрағасы м.а. Асхат Оралов, Ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов, әлеуметтік-еңбек қатынастарының белгілі сарапшылары қатысуда.

«Кәсіподақтар федерациясы еңбек жастарына баса назар аударуға ниетті. Бүгін осы Форумда жұмысшы жастардың өзекті мәселелерін білуді, олардың кәсіподақтармен жұмысын өзектендіруді, мәселелерді бірігіп шешу жолдарын қарастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Федерация Төрағасы.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының Атқарушы директорының орынбасары Игорь Роговтың пікірі бойынша: «Біз үшін бәсекеге қабілетті кадрлар - талантты жастар өте маңызды. Тұңғыш Президент Қоры тұрақты түрде жас журналистерге, жазушыларға, ақындарға, фотографтарға, ІТ-мамандарға арналған байқаулар өткізеді. Жыл сайын ондаған талантты мәдениет және ғылым өкілдері Қор лауреаттары болады».

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыстың билік өкілдері жастарды еңбек саласына қатыстыру үшін қандай қадамдарға баратындығы туралы айтып өтті.

Форум өз жұмысын 27 қыркүйек күні бастағанын атап өту керек. Осыған орай, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров атап өткендей: «ҚРКФ қатысуымен ашылған «Кәсіподақ көшбасшылығы мектебі» Қазақстандағы кәсіподақтар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған тұңғыш кешенді білім беру жобасы болып табылады. Қазақстанның түрлі өңірлерінде осы Мектептің алғашқы шығарылымы өтті. Бастауыш және салалық кәсіподақ ұйымдарының 67 көшбасшысы оқытылды».

«Біз Федерацияның «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында өз акциясын жариялағанын қуанышпен қабылдадық. Еңбек адамдары біздің әлеуметтік құндылықтар жүйесінде лайықты орынға ие болуы тиіс» - деп атап өтті Мұрат Әбенов.

Жас кәсіподақ көшбасшылары үшін ғылыми-қолданбалы сектор өкілдерінің шеберлік сағаттары мен алғысөздері қызықты және танымды болды: «Жастар үні» АҚҰ Төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі,  МҚІАД жанындағы АМТ Төрағасы Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» қозғалысы төрағасының орынбасары Талғат Жанисбай, PhD доктор, ҚАЗМЗУ доценті, МВА СЕО «Academy of labour relations» Бибігүл Нұрашева және т.б.

Дәурен Бабамұратовтың пікірі бойынша «100 жаңа есім» жобасында еңбек адамдары міндетті түрде болуы тиіс, себебі, олар «өмірлік қиындықтар, қорқыныш пен қауіптерге күнделікті төтеп беретін, ел дамуы жолында ерен еңбек иелері болып табылады».

Сонымен қатар, бүгін республикалық форумның негізгі бөлімінде қоғамның әлеуметтік стандартын арттыру мәселелері бойынша сессия өткізілді. Аталмыш сессияның модераторы Жамбыл облысы АКБ төрағасы Мейрамбек Төлепберген болды. Еңбек жастарының республикалық форумына қатысушылар жеті тармақтан тұратын Меркі Қарарын қабылдады.

Мотивациялық және стратегиялық сессиялар аясында тәжірибелік тренингтер, шеберлік сағаттары, тимбилдгтер және басқа да шаралар  өткізілді.

Форум  еңбек жастарын әлеуметтендірудің маңызды құралы болып табылады және техникалық еңбектің алдағы онжылдықта әлеуметтік-еңбек саласының негізгі тренді ретіндегі бейнесін насихаттайды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Келесі кезеңге шықты

Спорт • Бүгін, 11:41

Полицейдің бір күні

Қоғам • Бүгін, 11:32

Өтімді сөз өлеңмен өрнектеледі

Руханият • Бүгін, 11:22

Көмекей әулие туралы кітап

Руханият • Бүгін, 11:17

Күйшілердің саябағы

Руханият • Бүгін, 11:17

Тіл табиғатын бұзбайды

Қоғам • Бүгін, 11:13

I Гендерлік форум өтті

Қоғам • Бүгін, 11:06

Абыройы асқақ азамат

Руханият • Бүгін, 11:06

Мақсат – жол сапасын жақсарту

Аймақтар • Бүгін, 10:52

Мақсатымыз айқын

Саясат • Бүгін, 10:37

Ердің еңсесі қашанда биік

Саясат • Бүгін, 10:34

Әке деген ұлы есім

Қоғам • Бүгін, 08:25

ҰБТ-2019: қандай өзгеріс бар?

Қазақстан • Бүгін, 08:17

Ұқсас жаңалықтар