Президент • 01 Қазан, 2018

Түркістан қаласын дамыту жөніндегі Президент Жарлығы жарияланды

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркістан қаласын дамыту жөніндегі Президент Жарлығы жарияланды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасы мақұлдансын. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Түркістан облысы әкімдігімен бір­лесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнін­де шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын ба­қылау Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті 

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 29 қыркүйек № 762