Әлем • 01 Қазан, 2018

Илон Маск Тесла компаниясының басшылығынан кетуге мәжбүр

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Твиттер әлеуметтік желісіндегі жазбасы үшін Тесла компаниясының басшысы Илон Маск директорлар кеңесінің төрағалығы қызметінен кетуге мәжбүр, деп хабарлайды BBC.

Илон Маск Тесла компаниясының басшылығынан кетуге мәжбүр

Әйгілі инженер онымен қоса 20 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Бұл сотқа дейінгі келісімді Американың құнды қағаздар мен биржа комиссиясы жариялады. Бақылаушы орган миллиардерді миноритарлы акцияларын сатып алып, компанияны жеке меншікке өткізуге дайын болғанын алаяқтық деп танып, айыптауда. Акция құнының 420 доллар деп белгіленуі биржа белгілеуінен тым көп болған.

Құнды қағаздар мен биржа комиссиясы инвесторлармен келісім мен сатып алу жөніндегі жалған ақпарат сату аландарының жұмысына нұқсан келтірді дейді. Тесла акциялары алдымен қымбаттап, Масктың бұл ойдан бас тартқаны туралы хабарламадан кейін дереу арзандап кеткен.

Соталды келісімде Илон Маск өз кінәсін мойындамай, компанияның бас директор міндетін атқаруды жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024