Бұл дәрежені олар онкология саласындағы зерттеулері үшін иемденді. Нобель сыйлығының ресми сайтында «Иммунды бақылау терапиясы қатерлі ісікті емдеудегі ерекше жаңалық болды» делінген.
Эллисон мен Хондзе иммундық жүйедегі кері реттеулерді баяулатуды зерттеумен айналысқан. Олар иммундық жүйеге ісікпен белсенді күресуді үйреткен. Ғалымдар жүйе жұмысын баяулататын ақуыздың екі түрін және олардың белсенділігін бұғаттайтын тәсіл тапқан.