«Біз «Самұрық-Қазынамен» ұзақ мерзімді әріптестігімізді жалғастыруға қуаныштымыз және біздің ынтымақтастығымыз экономиканың нақты секторын несиелендіру бойынша Стратегиялық жобаларды тиімді іске асыруға ықпал ететініне сенімдіміз. ForteBank елдегі капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігі негізінде жетекші позицияларды сақтай отырып, барлық қаржылық және операциялық көрсеткіштер бойынша 2018 жылы сенімді өсімді көрсетеді. «Самұрық-Қазына», «Қазақстан темір жолы» мен «Қазатомпроммен» жасалған бұл келісім ForteBank-тің Қазақстандағы корпоративтік сегментіндегі ұстанымын айтарлықтай күшейтеді", деді ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.
ForteBank «Самұрық-Қазынамен» келісім-шарты аясында өзінің депозитіндегі 220 млрд. теңгелік ұзақ мерзімді облигацияларын айырбастады. Өз кезегінде ForteBank «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолындағы» облигацияларының жалпы көлемі – 150 млрд. теңге және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-дағы облигациялары – 200 млн. АҚШ доллары.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арасында да ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.