Аймақтар • 01 Қазан, 2018

Алматыда жоспарлы жылу желілерін жаңарту жұмыстары аяқталды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық  басқармасының басшысы Мақсұт  Исаховтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Алматыда жоспарлы жылу желілерін жаңарту жұмыстары аяқталды

Мақсұт Пернебайұлы жылыту маусымына дайындық кезінде жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізу кезеңінде 1757 ақау анықталғанын атады. 1701 ақау жойылған, енді қалған 56 ақауды жою керек. Аталған жұмыстар 2018 жылдың 5 қазанына дейін толық аяқталатын болады, осыдан кейін циркуляция режимі іске қосылады.

2018 жылы жоспарланған 13,2 шақырымның (8,2 млрд. теңге сомасына) 10,5 шақырымы орындалған. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Төле би даңғылының бойындағы (ТМ-12 және ТМ-4в) жұмыстар көлемінің қысқаруына байланысты 2,7 шақырымы 2019 жылға өтті.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ