29 Желтоқсан, 2011

Жеке кәсіп иелерімен кездесті

383 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматы қаласында Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы өз­де­рінің сайлауалды үгіт-насихаты шең­берінде «Қазақстандық бизнес-бір­лестіктердің алдағы дағдарыстың алдын алу шарасы» атты дөңгелек үстел өткізді. «Ақ жол» партиясы отандық ша­ғын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді өзінің басты мақсаттарының бірі ретінде қарастырады. Еліміздегі кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, оны заңды түрде қорғау үшін партия кешенді шараларды да қарастырған. «Алда болуы ықтимал әлемдік дағ­да­рыс толқынының қазақстандық кәсіп иелеріне де белгілі дәрежеде қаупі бар, сол себепті, келешекте нендей ша­ралар қолдану керек деген мәсе­ле­мен бүгін белді компаниялардың өкілдерімен бас қосып отырмыз», деді дөңгелек үстелде «Ақ жол» ҚДП төр­аға­сының орынбасары Бөріхан Нұрмұхамедов. Кездесуге жиналған отандық бизнес-бірлестік өкілдері әлемді тағы бір шарпып өтуі ықтимал экономикалық дағдарыстан «арбаны сындырмай, өгіз­ді өлтірмей» аман шығудың ша­ра­сы деп білетін өздерінің ұсыныстарын ортаға салды. Бүгінгі таңда «Ақ жол» ҚДП еліміздегі интеграциялық үдеріс­терге қолдау көрсетіп келеді. Алайда, қазақстандық рынокта отандық тауар өндірушілерге жеңілдіктер қарасты­ры­луы керек деп есептеймін, деген ой­ды «Жетісу» СПК басқарма төр­ағасы Арман Евниев талқыға салуды ұсынды. Осы ұсынысты дамытқан Сау­да бірлестігі ассоциациясының вице-президенті Жібек Әжібаева шағын және орта кәсіпкерлікті құрылғанынан бастап 3 жылға дейін түрлі салық­тар­дан босата тұру, есептік және салық­тық жауапкершілік пен міндеттемелерге жеңілдік жасау, жеке кәсіп иелеріне салықтық есепке байланысты салынатын айыппұлды қысқарту және аталған есеп мемлекетке үлкен шығын әкелмесе, Қазақстан Республика­сы­ның Қылмыстық кодексіндегі жалған кәсіпкерлікке қатысты заңнаманы жұм­сарту шараларын қайта қарастыр­ған жөн деген пікірін білдірді. Мемлекет ақы төлейтін қоғамдық жұмыстар тәжірибесін кеңейту, жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерінің жа­ңа жұмыс орындарын құру жөнін­дегі қызметін мемлекет тарапынан ын­таландыруды қамтамасыз ету, кә­сіп­орындардың қайырымдылық шара­лар­ға бағытталған шығыстарына са­лынатын салық көлемін 3 пайыздан 10 пайызға дейін ұлғайту және мемлекет тарапынан ынталандыру секілді бірнеше ұсынысты өздерінің сайлауалды тұғырнамасына енгізген «Ақ жол» ҚДП мен отандық бизнес бірлес­тік­тері­нің өкілдері осы дөңгелек үстелде кәсіпкерлікті дамыту үшін мем­лекет­тің қарастырып отырған қаражатын тиімді жарату мақсатында жеке кәсіп­кер­лікке қолдау көрсетіп отырған ұлт­тық институттардың қызметіне парламенттік мониторинг жүргізуді де ұсынды. Қанат ЕСКЕНДІР. АЛМАТЫ.