Үкімет • 02 Қазан, 2018

Б. Сағынтаев емханаларды жинақтау және дәрігерлерді әлеуметтік қолдаумен қамту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

61 реткөрсетілді

Денсаулық сақтауды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын өзектендіру аясында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен облыс әкімдерінің баяндамаларын тыңдаған Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Баяндалған ақпаратқа сәйкес, көптеген көрсеткіштер бойынша (сәбилер өлім-жітімінің, қантамыр жүйелері,обыр мен туберкулез ауруларынан өлім-жітімнің азаюы) денсаулық сақтау сапасының артуы байқалып отыр. Дегенмен, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдерінің бағдарламаның бекітілген көрсеткіштерін уақытылы орындауына назар аудартты.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдердің ұсыныстарын қарастырып, мемлекеттік бағдарлама аясындағы жұмыстарды одан әрі белсендіру үшін қосымша тетіктерді пысықтау тапсырылды.

Сонымен қатар министрлікке дәрі-дәрмектермен, медициналық бұйымдармен, кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыстарды жүйелеу, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жай-күйі мен заманауи медициналық жабдықтармен жарақтау мәселелерін шешу тапсырылды.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, медициналық техникамен жабдықтау бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін белсене пайдалану қажет.

Денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктеріне облыс әкімдіктерімен бірлесіп емханалар мен ауруханаларды әсіресе, шағын маманданған дәрігерлік кадрлармен жинақтау мен оқыту, олардың біліктілігін арттыру, оларды әлеуметтік қолдаумен қамту бойынша іс-шаралар қабылдау тапсырылды. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Отбасы – ұлттың тірегі

Қоғам • Бүгін, 08:18

Еріктілік ізгілікке бастайды

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Несие портфелінде нақтылық жоқ

Экономика • Бүгін, 08:10

Ұқсас жаңалықтар