Қазақстан • 02 Қазан, 2018

Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқан Хайсинді Қазақстанға экстрадициялады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратурасының қызметкерлері Қарағандының тумасы Дастан Хайсинді Грекияның Афина қаласынан Астанаға жеткізді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқан Хайсинді Қазақстанға экстрадициялады

Ол 2015 жылдан бастап Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқаны үшін халықаралық іздеуде болған.

Хайсинді құрықтау және кейіннен экстрадициялау қазақстандық арнайы қызметтер мен прокуратура органдарының Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшілігінің қолдауымен грециялық серіктестермен жүргізілген жұмыстың нәтижесі болып табылады. 

Хайсин қамауға алынды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.