ЕЛГЕ ЖАСАҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ ЕСЕЛЕНІП ҚАЙТАТЫНЫ АНЫҚ
Қазақстанда әлеуметтік салаға қамқорлық таныту аясы кеңейе түсуде
Қазақстанда үздік білім беру, үздік денсаулық сақтау, үздік мемлекеттік басқару, үздік әділ сот болуы тиіс. Жаңа әлеуметтік Стратегия – әрбір қазақстандықтың игілігі жөніндегі менің қамқорлығым. Бұл біздің еліміздегі барлық атқарушы биліктің де қамқорлығы болуға тиіс. Мен өзімнің Қазақстан халқына жаңа Жолдауымды осы мәселеге арнағалы отырмын.Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
____________________
КӨМЕГІ КӨП КОМПАНИЯ
«Компания Емшан» заңды тұлғалар бірлестігі бұдан он бес жылдай уақыт бұрын құрылған облысқа белгілі компания. Бірлестіктің құрамындағы ең үлкен еңбек ұжымы «Автопарк» ЖШС облыс орталығында жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Парктегі 430 түрлі маркалы автобустар 45 бағытпен жолаушылар тасымалдайды. Соның 23 бағытына сыйымдылығы жоғары автобустар қатынайды. Компания мұны қалалықтарға қолайлы болуы үшін істеп отыр. Биылдың өзінде жаңа автобустар сатып алуға 3 103 617 48 теңге бөлінді. Осылай қала көшелеріндегі сыйымдылығы төмен қолайсыз автобустарды жаңарту көзделуде. Қала сыртында тұратын балалаларды қала мектептеріне алып келіп-апарып тастауға 22 автобус бөлінген. Оның басқа өндірістік буындары болып табылатын «Ақжол ЛТД» ЖШС қаланың санитарлық тазалығымен, «Мизам» ЖШС құрылыс және мердігерлік, «Мизам Авто» ЖШС автокөліктер сату және техникалық қызмет көрсетумен айналысады. Ал «Ақтөбе» ЖШС қала құрылысы және құрылыс жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ, бірлестік құрамында «Асату» қоғамдық мәдени-сауықтыру орталығы да жұмыс істейді. Осыншама сан-салалы бірлестіктің президенті Мейіржан Өндіргенов жас та болса білікті басшы. Қолдың саласындай өндіріс буындарының жұмыстарын үйлестіре жүргізуде. Бірлестіктің өндірістің көптеген салаларында қыруар шаруа атқарып, қоғам дамуына қайтарымды ықпал етіп отырғаны өз алдына, 1193 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Бірлестік ұйымшыл ұжым ғана емес, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін бірінші орынға қоятын қайырымдылығы мол компания ретінде де жақсы таныс. Компания қайырымдылық және демеушілік және басқа таза шараларға 25508865 теңге бөліпті. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды ұстауға 9163865 теңге жұмсаған. Бірлестіктің жұмысшыларына еңбекақы берешегі жоқ, олар еңбекақысын тұрақты алып тұрады. Мұнда бір қызметкерге арналған әлеуметтік пакет 130 мың теңге тұрады. Жұмысшыларының орташа айлық еңбекақысы 59 мың теңгені құрайды. Жұмысына қарай бұдан жоғары еңбекақы алатындар қатары көп. Жұмысшылар арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз етілген. Еңбек және өндірістік жақсы жағдай туғызылған. Бір қызметкерге шаққанда оларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 12 мың теңге, ал еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін сақтауға 11395 теңге қаралған. Компанияда 2008-2011 жылдарға арналған ұжымдық келісім-шарт жұмыс істейді. Жұмысшыларға демалыс үйлеріне, санаторийлерге, балаларға жазғы демалыс лагерлеріне елу пайыздық төлеммен жолдама беру қаралған. Тұрмыстық және отбасылық мәселелерді оңтайлы шешу үшін көліктер мен автобустар, мейрамхана сияқты қызметтер 20 пайыздық жеңілдікпен ұсынылады.Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен еңбек ардагерлеріне жыл сайын қаржылай қолдау көрсетіледі. Еңбек озаттары ұдайы ынталандырылады, жұмысшылар жыл сайын бір рет әлеуметтік көмекке қол жеткізеді. Сондықтан компанияда жұмысшылар тұрақты. Соңғы жылдары жаңа кәсіпорын құрып, 155 жаңа жұмыс орнын ашты. Яғни, мұнда жұмыс түрлерін көбейтуге, өндірісті кеңейтуге бағыт ұсталады. Компанияда жұмысшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етудің де әдемі үлгісі бар. Өздері салған 120 пәтерлі бес қабатты екі тұрғын үйден өз жұмысшыларын ең төменгі бағамен жалдық әдіспен баспаналы еткен де осы компания. Қазіргідей нарықтық кезеңде мұндай жағдайға бару екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Бұл пәтерлер жалдық мерзімі 10 жыл өткен соң олардың өз меншігі болып қалады. Компания осы үйлерден 11 пәтерді аз қамтылған азаматтарға, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне, Алға балалар үйінің түлектеріне, көп балалы аналарға тегін ұсынып, жомарттық танытты. Компания тек ұжымдарындағы адамдардың қамын ғана ойлап қоймай, облыс және қала бойынша да қайырымдылық шараларына үзбей қатысады. Мұнда қайырымдылық пен демеушілік жасаудың қалыптасқан дәстүрі бар. Мұндай үрдісті қалыптастырған осы компанияны құрған және басшысы болған марқұм Ізтұрған Сағиев еді. Қазір бұл дәстүр заңды жалғасын табуда. Биылдың өзінде мұнда 9673169 теңгеге қайырымдылық және демеушілік жасалды. Халықтың осал буындарын қолдауға 1395661 теңге, қоғамдық бірлестіктерді дамытуға 3953000 теңге бөлінді, өңірдің дамуына 55250628 теңге жұмсалды. Бұларды таратып айтар болсақ, бірлестіктің көптеген жұмыстарға мұрындық болғанын аңғарамыз. Қазақ өнерін қолдауға 250 мың, сал ауруларына шалдыққандарды қолдауға 501 мың, білім беру саласына 3717 мың, балаларды қорғау күнін өткізуге 253 мың теңге бөлінді. Алға балалар үйінде бокстан Ізтұрған Сағив атындағы турнир өткізу дәстүрге айналған, бұған да көмек қолын созады компания. Балалар үйіне тұрақты демеушілік жасап тұрады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысады деу орынды. Бұл бағытта облыстық ішкі істер департаментіне 2130 мың теңге бөлді. Ұлы Отан және ауған соғыстарына қатысушыларға құрмет көрсетуге, жас дарындарды қолдауға қаржы аяп көрген емес. Сал ауруларына шалдыққандарды тасымалдау үшін екі арнайы автобус сатып алып беріп, қамкөңіл жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасады. Азаматтардың аз қамтылған топтарына ғана 1395 мың теңге бөліп, көңілдерін аулады. Шалқар ауданындағы «Ақтоғай» орта мектебін және «Қызғалдақ» балабақшасын қайта жарақтандырып, күрделі жөндеуге 1474692 теңге бөліп, алыс ауылдағылардың алғысына бөленді. «Құлыншақ» балабақшасын салуға 48572658 теңге жұмсады. «Құлагер» тұрғын үй кешеніндегі шағын балабақшаны жөндеу жұмыстары мен жиһаз алуға 5183278 теңге қарастырып, үлкен азаматтық танытты. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық бөлімшесі де компаниядан құр алақан қайтқан жоқ, 250 теңге қаржылай көмек алды. Компания жастар тәрбиесінен де сырт қалып көрген емес. Өздерінде өткізілетін мәдени-спорттық шараларды қаржыландырумен бірге, облыста, қалада өтетін жастар шарасын қаржылай демеп отырады. Облыстық футбол ассоциациясына 100 мың теңге бөлсе, «Атамекен» жастар ұйымына 168 мың теңге берді. Компаниядан қаржылай көмек алғандар қатарында облыстық қан орталығы, облыстық мүгедектер қоғамы «Зекет» қоры, «Қызыл ай» қоғамы және басқалары бар. Бірлестіктің имандылыққа ұйытқы болып отырған «НұрҒасыр» мешітіне 3 миллион теңге бөлуі, Ақтөбедегі медресеге қаржы қарастыруы көңіл қуантады. Ислам дінінің кең қанат жаюына, білікті діни кадрлар даярлауға қолдау көрсетуі де компания басшыларының жомарттығымен бірге, имандылығын аңғартады. Компания өндірістік буындарында мұндай қайырымдылық шаралары көптеп жасалады. Бұл олар жасаған қайырымдылық пен ізгіліктің, демеушілік пен қолдаудың біз білетін бір парасы ғана. Компания осындай қайырымдылық және демеушілік шараларына қатыса отырып, өңірдің және қаланың дамуына да инвестиция салып келеді. Қаладағы «Мұнайшы» стадионын салып, пайдалануға берді. Сондай-ақ, облыс орталығының көріктеніп, көркеюіне де атсалысып жүр. Қаланың Абай даңғылы бойында компания күшімен орнатылған «Темірқазық» белгісіне 2163625 мың теңге жұмсалыпты. Ал Есет батыр мен Әлия Молдағұлова атындағы даңғылдар қиылысындағы «Бақыт бағанасы» белгісі компанияға 7 миллион теңгеге түсті. Бұлар қалалықтардың сүйікті орындарына, көп жиналатын жерлеріне айналды. Бірлестік туған каласының көркеюіне, онда тұратын адамдардың жайлы тынығуына жағдай жасауға әрқашан дайын. Компания салған әдемі тұрғын үйлер қаланы көріктендіріп тұрса, қала тазалығына да өзіндік үлес қосып келеді. Ал, оның құрамындағы автобус паркінің жұмысына қалалықтар дән риза. Міне, негізгі өндірістік жұмыстарын жүйелі жүргізіп, табысқа қол жеткізіп отырған «Компания Емшан» заңды тұлғалар бірлестігі халыққа қызмет етудің осындай үлгісін көрсетіп отыр. Қашанда қайырымдылық пен демеушілікті кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершігігінің өзегіне айналдырған компания бұл бағыттағы игі істерінің ауқымын алдағы уақытта да кеңейте бермек. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.