Аталған ауқымды шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Джиу-джитсу қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Шараның мақсаты – адамдарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға тарту, сондай-ақ елімізде джиу-джитсуді және оның бағыттарын кеңінен дәріптеу, дамыту.
Республикалық турнирге Азия құрлығы мен аралдардың, басқа да мемлекеттердің, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының командалары қатысады. Жарысқа ақ, көк, қызылкүрең, қоңыр, қара белбеулерге бөлінген 6-45 жастағы спортшылар жіберіледі.
5 қазанда спортшылардың келуі және оларды орналастыру, сондай-ақ 6-15 жастағы жасөспірімдердің салмағын өлшеу жоспарланған. Ал жекпе-жектер 6 және 7 қазанда «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын Кубокты тамашалауға шақырамыз. Жарысқа кіру – тегін.
6 қазанда сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін балалар арасындағы жарыс өтеді. Осы күні сағат 14:00-де джиу-джитсуден Астана кубогының ашылу салтанаты ұйымдастырылады. Бұдан басқа, сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін «Astana Jiu-Jitsu Cup 2018» аясында «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінде бразилиялық джиу-джитсуден Әлем чемпионы Алана Финфоу және джиу-джитсуден басқа да әлемдік жұлдыздардың қатысуымен семинар өтеді.
Жексенбі күні, 7 қазанда «Дәулет» спорт кешеніндегі жарыс 10:00-де басталады. Жеңімпаздар арасындағы титул үшін абсолютті жекпе-жектер сағат 19:00 белгіленген. Astana Jiu-Jitsu Cup кубогы қазақстандық спортшы Дархан Нортаев пен бразилиялық Артур Ланестің, сондай-ақ Нұржан Сейдуали мен Лукас Пинхейроның арасындағы Чемпиондық белбеу үшін күреспен аяқталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 15 000 АҚШ доллары.