29 Желтоқсан, 2011

Өз болашағына сенімділік көрінісі

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына таяу және алыс шет ел тұр­ғындарынан оның Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін арттыруға және елдер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған саясатына қолдау білдірген хаттар келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Ресей азаматы Л.Магомадовтың хатында Алма­ты­дағы ұлдарына келген әрбір сапары, ол үшін ұлтаралық келісім, қазақстандықтардың өз бо­ла­шағына сенімі негізінде Қазақ­стан­да салтанат құрған жасам­паздық, бейбітшілік пен келісім, ішкі саяси консенсус, жағымды сезім мен зор сүйініш тудыра­тыны айтылады. Хат иесі сондай-ақ Қазақ­стан­да тұрып жатқан өз балаларының болашағына сенімді. «Нұрсұлтан Назарбаевтың тә­жі­рибесі, даналығы, адамдарға деген сүйіспеншілігі сияқты қа­сиеттер Қазақстан Көшбас­шы­сын бейбітшілік пен келісімді қам­тамасыз ететін «Ғасыр сая­саты» деңгейіне алып шығады», – деп атап өткен Л.Магомадов. «Қазақ халқының төзімділігі, барлық халықпен бейбітшілік пен келісімде өмір сүре білуі және осындай қасиетті жерде өмір сүріп жатқан барлық этнос үшін Қазақстанды ортақ үй жасауға игі ықпалын тигізді және әлемге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды саясаткерді берді», – делінген Л.Магомадовтың хатында. Автор Қазақстан Президентіне Қазақстан-Ресей қатынас­тары­ның дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді. Ол Нұр­сұлтан Назарбаев – Кеңес Одағы тарағаннан кейін Қазақстан мен Ресей халықтарының туыстық қа­тынастарына бір сәт те күмән келтірмеген бірден-бір Көш­бас­шы екенін ерекше атап өтеді.