30 Желтоқсан, 2011

Мұнай құбыры іске қосылды

637 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан мен Қытай елі ара­сында 2004 жылы мұнай және газ өндіру жөнінде екі жаққа тиімді келісім негізінде «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы мен «СNРС» ком­­паниясы бірлесуімен «Атасу-Ала­шаңқай» мұнай құбырының құ­ры­лысы  басталған еді. Осы жылы «ГазТрансОйл» акционерлік қоға­мы мен мұнай және газ барлау жө­нін­дегі Қытай ұлттық корпора­циясы үлесі екі жаққа тиімді «Қазақстан – Қытай мұнай айдау құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұзын­­дығы 965,5 ша­қырымды құрай­тын «Атасу-Ала­шаңқай» құбыр құрылы­сын бастап кеткен болатын. Құрылыс қарқынды жүргізіл­ген­ді­гінен Елбасының қатысуымен 2005 жылы «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры іске қосылды. Құ­бырдың 325 шақырымы Алакөл ауданының аумағы арқылы өтеді. Қазіргі кезде «Атасу – Алашаңқай» құбыры бойында мұнай айдайтын төрт станса жұмыс істеп тұр. Алакөл аймағында бір құбыр жұмыс жасауда. Осы құбыр 2006 жылы іске қосылып, көрші Қытай еліне мұнай жөнелтіп, экономика­лық байланыс орныға түскенін көреміз. «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы мен Қытайдың «СNРС» компаниясы 2009 жылы қосымша келісіммен «Қазақстан – Қытай мұнай айдау құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұ­мыстың екінші кезеңін бастауды тапсырған. Серіктестікке Алакөл ауданы аумағынан №11 мұнай айдау стансасын салу тапсырылды. Осы­лай­ша «Атасу – Алашаңқай» мұ­най құбырының жылдық өнім­ділігін 12 миллион тоннаға жеткізу көзделді. Жаңа станса құрылысын «ЧППИ-Қазақстан» серіктестігі бас­тап, ел тәуелсіздігінің мерей­тойы қар­саң­ында аяқтады. Станса салуға 10 млрд. 200 млн. теңге инвестиция тартылып, кәсіпорын құ­рылысына жергілікті 150-ге жуық адам өз үлестерін қосты. Нәти­жесінде сапа­лы салынған құрылыс пайдалануға дер кезінде берілді. Жаңа стансаның ашылуына Қы­тай жағынан мұнай компания­лары­ның өкілдері мен Алакөл ауданы­ның басшылары қатысты. «Қазақ­стан – Қытай мұнай айдау құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен аудан бас­шылары екі ел арасындағы экономикалық, достық қатынас­тың нығаюына тілектестік білдіріп, нысанның көгілдір лен­тасы қиылды. Жиналғандар жаңа кәсіпорын­ның жұмысымен танысуға мүмкін­дік алды. Құбыр арқылы көрші елге жөнелтілетін қара алтынның са­пасына да жете назар ау­да­рыл­ған. Әр қондырғы өз қыз­метін мүлтіксіз атқарса, кәсіби мамандар бақылау жұмыстарына бас­шылық жасайды. Алакөлдік­тердің әлеуметтік жағ­дайы­на оң әсер ететін мұнай стансасының жұмысын одан әрі дамыту мә­селесі де шешімін табуда. Мә­селен, алдағы 2012-2013 жылда­ры №8 және №10 мұнай айдау стансалары салынып, «Атасу –Алашаңқай» құбырымен жы­лына 20 млн. тонна мұнай жө­нел­ту жоспарланған. Демек, әлі де жергілікті халықтың жұ­мыспен қамтылуы оң ше­шімін табатыны анық. Со­ны­мен бірге екі ел ара­сын­дағы бай­ла­ныс жақ­­са­рып, эко­номи­каның одан әрі дамуына жол аша­ды деп күті­луде. Күмісжан БАЙЖАН.

Алматы облысы.