Аймақтар • 04 Қазан, 2018

Алматыда халықаралық «Алтын алма» қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді

402 реткөрсетілді

Алдағы 6-7 қазан күндері Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, «Алтын алма» атты Орталық-Азияның дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізбек.

Алматы – алма қаласы. Айнала толы алма. Көрменің басты тақырыбы да осыған байланысты. Алма  идеясы – бұл жалғыз жемістің тарихы ғана емес, ол шексіз, көп қырлы. Натюрморт және пейзаж, портрет пен жанрлық көріністер. Олар түрлі кескіндеме, графика, фотосуреттер мен гобелен және батик сияқты сәндік өнер туындыларында көрініс табады. Бір тақырыпты әр суретші, шебер өзінше бейнелейді.

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұл нышандарды өздерінің туындыларында – картина, зергерлік бұйым, панно, гобелен, киіз және тері бұйымдарында, батик сияқты  өнімдерінде бейнелеген. Алма бейнеленген кәдесыйды кез келген жастағы жанға сый етіп  тартуға болады. Алма бейнелі кәдесыйлар молшылық пен  сәттіліктің нышаны.

Қазіргі таңда қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкелері Орталық Азия халықтары арасында экономикалық және мәдени байланысты дамытуда үлкен рөл атқарады. Көрмеге Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 150 ден астам қолөнер шеберлері қатысады. Олар өздерінің шеберліктері мен дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдырады.

«Алтын алма» көрмесіне қойылатын бұйымдар әртүрлі: авторлық сәндік бұйымдар, киімдер, сәнді сөмкелер, зергерлік бұйымдар, дизайнерлік ойыншықтар, жеңіл көрпешелер, керамика, қолдан жасалған сабындар мен косметикалар, интерьерлік заттар, бейнелеу өнер туындылары және тағы көптеген сан алуан заттар.

Көрме аясында жәрмеңкеге келушілер үшін киіз, батик және қышпен жұмыс жасаудың әдіс-тәсіліне үйретінін шеберлік-сабақтары ұйымдастырылады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Келесі кезеңге шықты

Спорт • Бүгін, 11:41

Полицейдің бір күні

Қоғам • Бүгін, 11:32

Өтімді сөз өлеңмен өрнектеледі

Руханият • Бүгін, 11:22

Көмекей әулие туралы кітап

Руханият • Бүгін, 11:17

Күйшілердің саябағы

Руханият • Бүгін, 11:17

Тіл табиғатын бұзбайды

Қоғам • Бүгін, 11:13

I Гендерлік форум өтті

Қоғам • Бүгін, 11:06

Абыройы асқақ азамат

Руханият • Бүгін, 11:06

Мақсат – жол сапасын жақсарту

Аймақтар • Бүгін, 10:52

Мақсатымыз айқын

Саясат • Бүгін, 10:37

Ердің еңсесі қашанда биік

Саясат • Бүгін, 10:34

Әке деген ұлы есім

Қоғам • Бүгін, 08:25

ҰБТ-2019: қандай өзгеріс бар?

Қазақстан • Бүгін, 08:17

Ұқсас жаңалықтар