НЕБӘРІ 7 АЙДА ЖАҢҒЫРЫП ШЫҒА КЕЛДІ
Тараз қаласындағы қаңырап тұрған төрт қабатты ғимаратты қайта қалпына келтіруге 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жеті айға созылған тиянақты жөндеу жұмысынан кейін ине-жіптен жаңа шыққан бұйымдай жарқыраған жатақханада қазір 55 отбасына арналған секция бар. Әрине, бойдақтарға арналған бөлмелер де ұмыт қалмаған. Әр қабаттың өз асханасы мен тынығатын орындары да ойластырылған. Сондай-ақ, жатақханадан баспана бұйырған жас отбасылар тәй-тәй басқан бүлдіршіндеріне арналған және түрлі ойыншықтармен жарақталған кең де жылы бөлмені көргенде, тіпті қайран қалды. Олар осынау жан-жақты қамқорлық үшін айына небәрі 12 мың теңге төлеп тұратын болады. «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, қаңырап тұрған жатақхананы сапалы жөндеуден өткізіп, зауыт жұмысшыларына тарту ету мәселесі жас мамандардың көктемде өткен форумында көтерілген екен. Міне, осы ұсыныс назарға алынып, ол небәрі жеті айдың ішінде, яғни жыл аяқталмай орындалған. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55