Футбол • 05 Қазан, 2018

Бүгінгі жеңіс, ертеңгі тарих

113 реткөрсетілді

"Астана" Еуропа лигасында францияның "Ренн" командасын жеңді. Есеп 2:0. 

Еуропа лигасының топтық кезеңіне төртінші жыл қатарынан шыққан ел чемпионы астана абыройымызды асқақтатты. Алғашқы ойында отандық команда "Динамо" командасымен Киевтегі ойында тең түсіп, 1 ұпай еншілеген еді. Енді бұл жолы францияның ортаңқол ұжымын тізерлетті. "Астана-Аренаға" жиналған 25 мың жанкүйер тағы бір жеңістің куәсі болды. Алдымен бұрыштама кезінде Бахтиер Зайнутдинов гол соқты. Ойынның соңына қарай қақпашымен бетпе-бет шыққан Марин Томасов есепті еселеді. 2:0.

Григорий Бабаян, "Астана" бапкері: - Қазақстан чемпионатында жылдамдықтар басқаша. Сондықтан да, осы ойынның соңында біз қатты шаршадық. Тіпті, Зайнутдинов шаршағанын білдіртіп, өзінің алмасқысы келетінін білдіртті. Дегенмен, бүкіл Қазақстанды жеңіспен құттықтаймын. 

Сабри Лямуши, "Ренн" бапкері:  - Қазақстан өте шалғайда екен. Біз ұзақ жол жүрдік. Содан да болар, ойынға тыңғылықты дайындалып үлгермедік. Ойында болған мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Дәлдік жетіспеді. "Астана" болса керісінше, бар мүмкіндігін голға айналдырды.  

Осы ойында алған 3 ұпайдың арқасында "Астана" өз тобындағы бірінші орынға шықты. Себебі, "Динамо" Киев командасы сырт алаңда чехияның "Яблонец" деген командасымен тең түсті. Негізі ойын барысында 2:0 есебімен жеңіп жатқан украиналықтар қақпаларына 2 доп жіберіп алды. Демек, қазір екінші орында 3 ұпайы бар "Ренн" тұр деген сөз. 

Енді Григорий Бабаян шәкірттері 25-қазан күні сырт алаңда чехияның "Яблонец" клубымен кездеседі. Жалпы турнирлік кестеге көз жүгіртсек, елордалық клубтың келесі кезеңге өтетін мүмкіндігі молая түскенін байқаймыз. Қалған 4 ойында 2 жеңіс тіркесек немесе 3 тең ойын ойнасақ Еуропа лигасының плэй-офф сатысына шығуға мүмкіндік туады. 

N Командалар О Ұ Т Ж Д Ұ
1  АСТАНА 2 1 1 0 4-2 4
2  РЕНН 2 1 0 1 2-3 3
3  ДИНАМО К 1 0 1 0 2-2 1
4  ЯБЛОНЕЦ 1 0 0 1 1-2 0
Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Акварель әлемі

Руханият • Кеше

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар