30 Желтоқсан, 2011

Конкурс

300 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2012 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығынан үміткерлерге

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республи­ка­сының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия­сы 2012 жылғы Мемлекеттік сыйлыққа конкурс жария­лайды. Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік сыйлығы отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі. Конкурстық шығармаларды қабылдау 2012 жылдың 1 ақпанына дейін жүргізіледі. Мемлекеттік сыйлыққа үміткер авторлар, олардың ко­н­­курсқа ұсынған еңбектерінің тізімдері және үміткерлерді ұсынып отырған ұйымдардың аттары ашық жариялылық түрде кеңінен талқылану мақсатында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабыл­дау аяқталғанға дейін бес жылдан әрі емес және кемінде бір жыл бұрын көпшілік айналым үшін орындалған бір ав­тордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары қа­был­­данады. Жұмыс Мемлекеттік сыйлыққа бір рет қана ұсыныла алады. Бұрын Қазақстан Республикасы сыйлықтарына ие болған жұмыстар Мемлекеттік сыйлық алу конкурсына жіберілмейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лау­реа­тының жаңа жетістіктері болған ретте бұл сыйлық оған қайтадан, бірақ көрсетілген сыйлық осының ал­­­дында берілгеннен кем дегенде бес жылдан кейін берілуі мүмкін. Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республи­касының Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ізденушілер ұжымы 5 адамнан аспауы тиіс. Бір ізденушінің кандидатурасы Мемлекеттік сыйлыққа екі және одан да көп жұмыстар бойынша ұсыныла алмайды. Бір автор немесе авторлар ұжымы Мемлекеттік сый­лыққа қатарынан екі рет ұсыныла алмайды. Тұлға мемлекеттік сыйлық алуға ұсынғаннан кейін қай­тыс болған жағдайды қоспағанда, Мемлекеттік сый­лық қайтыс болғаннан кейін берілмейді. Бұл жағдайда қайтыс болған лауреаттың дипломы, төсбелгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республи­касының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра бойынша беріледі. Үміткерлердің кандидатураларын мемлекеттік орган­дар­дың алқалары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар ұсынады. 2012 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі шешім Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында респуб­­лика­лық баспасөз беттерінде жарияланады. Ұсынылған еңбектерді тіркеу үшін мына құжаттар қажет: 1. Мемлекеттік органның немесе шығармашылық одақтың ұсынысы. 2. Жиналыс хаттамасы. 3. Шығармашылық мінездеме. 4. Үміткердің жеке іс қағазы. 5. 2 дана суреті (3*4). 6. 20 дана ұсынылған еңбек. 7. Тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесі. 8. Шығарманың авторы және шығарма жөнінде қысқаша нақты мәлімет (мемлекеттік және ресми (орыс) тілде­рінде). 6-шы пунктке байланысты түсініктеме. Кітаптар, но­талық жазбалар, бейнелеу өнері туындыларының репро­ду­кциялары, сәулет өнерінің схема-сызбалары, ғимарат­тар­дың, кешендердің т.б. фотосуреттері, кинофильмдер мен спектакльдерден бейнетаспалар немесе фотокө­рі­ніс­тер, концерттік қойылымдар мен орындаушылық өнердің бейне немесе аудио-таспалары 20 дана етіп ұсынылады. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын еңбектер және тиісті құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі, 15-кіреберіс, 5-қабат, 521-бөлме. тел.: 8 (7172) 74-04-75, факс: 8 (7172) 74-05-68.