30 Желтоқсан, 2011

Репродуктивті денсаулықты сақтау стратегиясы

5431 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Медициналық көмектің сапасын бас­қ­а­руды жетілдіру және денсаулық сақтау жү­йе­сіндегі жоғарғы технологиялық даму Қа­­­зақстан Республикасындағы 2011-2015 жыл­­­ғы “Саламатты Қазақстан” денсаулық сақ­­тау­ды дамыту мемлекеттік бағдарла­ма­сын­­­­да басты орын алады. Денсаулық сақ­тауды басқару нәтижелігін жоғарылату мақ­са­тында Қазақстан Республикасында Бірың­ғай ұлт­­­тық денсаулық сақтау жүйесі құ­рыл­ған, ол медициналық көмек көрсету үрді­­сінің тұ­нықтығы, бәсекелестік ортаны құру, нау­қас­тардың медициналық ұйымды және дәрі­герді таңдау еркі қағидатына негізделген.

Дүниежүзілік ғылыми қарым-қатынасты ықпалдастыруда, перспективалы ғылыми-зерттеулерді үйлестіруде және анықтауда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша еліміздегі ірі ғылыми мекеме болып табылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы заманауи жаңа ме­дициналық құрал-жабдықтарымен қамта­ма­сыз етілген, онда шетелдерде және ТМД-ның басты ғылыми орталықтарында дайын­далған және мамандандырылудан өткен, ұйымдастырылған ғылыми және клини­ка­лық мәселелерді шеше білетін, жоғары тә­жірибелі мамандар жұмыс істейді. Мате­ри­алдық техникалық базаның өсуі, мекеменің кадрлық әлеуетінің жоғары деңгейі орта­лықты репродуктивті медицина аймағының қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибеде алдыңғы шепке шығарды.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары:

•  Ғылыми-зерттеу;

•  Ұйымдастыру-әдістемелік;

•  Емдеу-кеңес беру;

•  Жоғары білікті кадрларды дайындау;

•  Білім беруге арналған лекция оқу;

• Медицинаның басым бағыттары бой­ын­ша ғылыми-медициналық және білім беруші кластерлер болып табылады.

Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының әлеуетін 12 ғылым докторы және 30-дан астам медицина ғылымдарының кандидаттары құрайды.

Орталықта 2000 жылдан бастап «Аку­ше­рия, гинекология және перинатология» деген атпен мамандандырылған журнал шығады.

 Дипломнан кейінгі медициналық білім беруді жетілдіру және резидентура бойын­ша білім беруді әрі қарай жетілдіру үшін негізгі тиімді жағдайлар енгізілген «Қауіпсіз ана болу», «Жаңа туған балалар реани­ма­цисы», «Шала туған балаларды күту», «Аку­шерлік қан кетулер кезінде шұғыл кө­мек және стандарттар, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңдегі преэклампсия және эклампсия» дәрістері оқылады.

Орталықта 30-дан астам медицина ғы­­лым­­­дарының докторлары, 150-ге жуық медицина ғылымдарының кандидаттары, сон­дай-ақ 150-ден астам клиникалық ординаторлар дайын­далды.

Орталықта 27 ғылыми және клиникалық бөлімше, оның ішінде, мына ғылыми бө­лімдер мен зертханалар: акушерлік-гинеко­логиялық көмекті ұйымдастыру және ғы­лыми жоспарлау бөлімі; жүктілер патоло­гиясы бөлімі, экстрагениталды аурулары бар патология бөлімі; босану физиологиясы және патологиясы бөлімі; жаңа туған балалар бөлімі, жаңа туған балалар реани­ма­ция­сы және интенсивті терапия бөлімі, қо­сым­ша репродуктивті технология зертхана­сы­мен гинекология бөлімі, анестезиология және реанимация бөлімі; биохимия, меди­ци­налық генетика зертханасы; эндокрино­логиямен иммунология, патоморфологиямен цитология бөлімдері кіреді.

Ғылыми-зерттеу қызметі халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелері бойынша жүзеге асырылады және мынадай ғылыми бағыт аясында орындалады:

- Қазақстандағы репродуктивті денсау­лықтың медико-демографиялық аспектілері;

- Қауіпсіз ана болу және дені сау ұрпақ;

- Бедеулі некенің мәселелері және репродуктивті функцияны қалыпқа келтіру.

Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы репродуктивті медицинаның дамуының және перинаталды медицина негізін қалаудың, экологиялық репродуктологияның және тех­­нологияны әлемдік бәсекеге қабілетті технология деңгейіне дейін жоғарылатудың жаңа кезеңі болып табылды.

Қазіргі заманғы жоғары технологиялық зерттеулер болжамдау мен диагностиканың жаңа критерийлерін, акушерия және ги­не­кологиялық патологияның емдеу әдістерін құруға, жаңа басқару технологиясы негізінде ұйымдастыру қызмет жүйесін жетілдіру, акушерлік және гинекологиялық патоло­гия­ға генетикалық бейімділікті анықтау мәсе­лелері бойынша зерттеулер, әлемдік басым­дық қазақ этносының тектік қорын зерттеуге генетикалық-популяциялық зерттеулер ал­ып келді. Әйел бедеулігі мәселелері бой­ын­ша зерттеулер, эндоскопиялық хирургия­ның, ағза сақтаушы операциялардың қағи­даларының және қазіргі заманғы қосымша репродуктивті технологияның енгізілуі емдеу тиімділігін 45%-дан 75%-ға дейін жоғарылатты.

Бірқатар акушерлік және гинеколо­гия­лық патологияларға тектік бейімділіктің патогенетикалық механизмдерін ашылуы бойынша, қазақ этносының тектік қорын, миома кезіндегі жатырдың рецепторлы аппа­ратын зерттеу бойынша, қоршаған орта факторларының теріс әсер маркерлерін жасап шығару, қан жасушаларының апоптозды параметрлерін зерттеу, кордтық қанның гемопоэтикалық бағана жасушаларының арнайы дифференцирленуі, жүктілер ане­миясы кезінде эритпоэзді анықтау бойынша зерттеулер тек отандық медицинада ғана емес, әлемдік ғылыми зерттеуде басым­дық­қа ие. Орталықта жасап шығарылған бірегей тәжірибелік модель негізінде ұрықтың созылмалы гипоксиясын зерттеу әр түрлі жүктіліктің асқынуларында ана – плацента – ұрық жүйесінің биохимиялық бейімделу механизмдерін зерттеу бойынша іргелі зерттеулер тізбегін зерттеуге мүмкіндік берді, акушериялық және перинаталды үрдістер­дің дамуының патогенетикалық механизмдерін зерттеу бойынша халықаралық дең­гейдегі қорғауға қабілетті ғылыми жаңа­лық­тарды алу, ғылыми негізделген асқ­ы­ну­ларды болжамдау жүйесінің мониторлы-компьютерлік жүйесін және жүктілік пен босануды жүргізудің тиімді тактикасын көрсету.

Аймақтық, этникалық, демографиялық және әлеуметтік-биологиялық факторларды есептей отырып қыз бала жасөспірімдердің және қаладағы мен ауылдағы әйелдердің репродуктивті денсаулық жағдайының меди­ко-әлеуметтік мониторингі жүргізілді. Мемлекеттегі демографиялық жағдайдың да­муы­ның ерекшеліктері мен перспективасын анықтаумен қатар, әртүрлі әкімшілік аудан­дардағы репродуктивті денсаулықты басқа­ру және бағалау бойынша жаңа модельдер, технологиялар және стандарттар ұсыныл­ған, ҚР ана және нәрестелік өлімді тө­мен­детудің мемлекеттік бағдарламасы жасап шығарылды, қазақ популяциясының тектік әртүрлілігін және генетикалық диффе­рен­циа­циясын бағалау үшін ДНК полимор­физ­мі­­нің молекулярлы-генетикалық сипаттама­сы берілді, мұның бәрі қазақтардың эт­но­ге­незінің генетикалық өзара қатынасын, тектік қорын зерттеуде маңызды үлес болды.

Жаңа технологияларды қолдану мүмкін­дігі бойынша «Қауіпсіз ана болу» мәселесі акушерия және гинекологияда бірқатар патологиялық жағдайлардың даму механизмін меңгеру бойынша зерттеулер жалғасып жатыр. Геномды, цитологиялық, биохи­мия­лық, иммунологиялық, гемостазиологиялық зерттеулер негізінде ана-плацента-ұрық ин­тегралды жүйесінде, цитокиндер және соматомединдер деңгейін анықтау, ынта­лан­дырушы-өсу гормондарымен оксигенация үрдісінің өзара байланысы, жүктілер мен жаңа туған нәрестелерде хроматиннің, қан­дағы белок компоненттерінің және жасу­ша­лардың апоптозды параметрлерінің, цито­хи­миялық құрылымдық-функционалды қа­сие­ті, преэклампсияға, жүктілікті көтеруге тектік бейімділікті ерте диагностикалаудың қазіргі заманғы ғылыми-негізделген инно­ва­циялық технологиялары жасап шығары­лып жатыр.

Скринингтік ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері ұрықтың құрсақішілік кідіруін бағалау және хромосомды патология маркерлерін анықтау үшін өңірлік нормативтер мен процентилді қисық массалар бекітілген. Туа пайда болған даму ақауларының перс­пективалы мониторингін жүргізуге және қор­шаған ортаның генотоксикалық әсерін бағалауға мүмкіндік беретін ТМД-дағы та­қылеттесі жоқ жалпы ұлттық телема­ти­ка­лық жүйе – ҚР ұлттық генетикалық регистр жасап шығарылды және енгізілді, жаңа ту­ған балалардың туа пайда болған ги­по­те­риозға тексерудің скринингтік бағ­дар­ла­масы енгізілді.

Орталықта бірінші рет акушерлік тәжі­рибеде морфометриялық және морфоденси­то­метриялық зерттеулер негізінде қоршаған ортаның теріс факторларының маркері – «морфометриялық айна» сияқты цитохи­мия­лық талдауды қолданудың құқықты­лы­ғы мен перспективасы ғылыми негізделген.

Осының барлығы қауіпсіз ана болу және сау ұрпақты қамтамасыз етуге бағытталған акушерлік және перинаталдық асқынуларды емдеу мен алдын-алудың ғылыми негізделген стратегиясын жасап шығаруға мүм­кіндік берді.

«Бедеулі неке және репродуктивті функ­цияны қалпына келтіру» мәселесі бойынша кешенді, көп аспектілі зерттеулер негізінде әртүрлі репродуктивті жас тобындағы әй­елдердің репродуктивті функциясын қал­пына келтіру және сақтаудың ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасап шығарылды, алғаш рет республикада әлемдік стандарттар бойынша жүргізілетін ЭКО мен ПЭ жоғары технологиялық қосымша репродуктивті технологиялары және ағза сақтаушы операцияларды жүргізуде эндовидеохи­рур­гия және ультрадыбыстық әдістер жасап шығарылып, кеңінен енгізілді.

Алғаш рет енгізілген молекулярлы-гене­тикалық зерттеулер қазақ популяциясын­дағы әйелдердің эндометриозға тектік бейімділігін анықтау блок схемасын жасауға және олардың негізінде диагностика және коррекцияда жаңа бағыттарды жасап шы­ғаруға мүмкіндік берді. Негізінде патоге­не­тикалық терапия ғылыми-негізделген мем­бра­налық аппараттың және функционалды белсенділіктің бұзылысымен, эндометрий жасушаларының энергиямен қамтамасыз етілуінің төмендеуімен шарттасқан жатыр миомасының дамуының патогенетикалық механизмінің жаңа аспектілрі анықталды. Анабезінің поликистозы синдромы кезінде резецирленген анабезінің гормоналды өзге­рістерін есепке ала отырып, репродуктивті функцияны қамтамасыз етудегі хирур­гиялық терапия патогенетикалық негізделген. Жалғыз жатыр түтігі кезінде жабысу үдерісінің таралуы және ауырлық дәре­жесіне сәйкес репродуктивті функцияны қалпына келтірудің болжамы мен алгоритмі ғылыми негізделген. Қазіргі кезеңде орта­лықта жоғары тиімді қосымша репродуктивті технологиялардың модификациясын ғылыми өңдеуге ізденулер жүргізіліп жатыр (ИКСИ, ТЕСА, ПЕСА).

Орталықтың клиникасында 7000-ден астам жоғары қауіп тобындағы жүктілерге, Қа­зақстанның әр аймағынан келген гинеко­­­­ло­­гиялық науқастарға акушерлік-гинеколо­гия­лық жоғары мамандандырылған көмек көр­сетіледі, олардың 80%-дан астамы рес­пуб­ли­каның Оңтүстік аймағы тұрғын­да­ры­на тиесілі (Алматы, Маңғыстау, ОҚО, Қы­зыл­­орда, Жамбыл облыстары және басқалар).

Жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық көмек көлемі пациент­тер­дің ең ауыр контингенттері есебінен 3 еседен және одан жоғары өсті.

Республика бойынша орталық қызмет­керлеріне үлкен ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы және тәжірибелік көмек көр­се­ті­ле­ді. Олар – республиканың Оңтүстік-Батыс аймағы бойынша кеңестік-тәжірибелік және ұйымдастыру-әдістемелік көмегін көрсету, республиканың перзентханаларына кеңес беру көмегі, денсаулық сақтау тәжірибесіне ғылыми жетістіктерді енгізу, аймақтық іс шараларды жасаумен емдеу, алдын-алу ме­кемелерінің қызметінің көрсеткіштерін сараптау, акушерия, гинекология және пе­ри­натологияның өзекті мәселелері бойынша тақырыптық тізбектерде республика дәрі­герлерінің біліктілігін жоғарылату.

Орталықтың ғылыми-зерттеу және тә­жірибелік қызметі әртүрлі бейіндегі ғы­лы­ми мекемелермен, республиканың тәжіри­белік денсаулық сақтау мекемелерімен кең көлемді кешенді жүргізіледі, сондай-ақ халықаралық қызметтестік аясында Ре­сей­дің жетекші ғы­­лыми орталықтарымен және шетелдік ұй­ым­дармен (ДДҰ, ЮСАИД, БҰҰ Халық қоры, Популяция және даму француз орталығы және басқалар) ынтымақтастығы берік.

Мекеменің жұмыс тәжірибесіндегі мінсіз беделін «Қазақстанның тұтынушы­лары­ның ұлттық лигасы» қоғамдық қоры лай­ықты бағалап «Мінсіз таза» халықтық сапа белгісімен және «Жұмыс тәжірибесіндегі жоғары сапалылық» Халықаралық қоры алтын медальмен марапаттады. Сондай-ақ «Эстмейкер» халықаралық бағдарламасы «Сала майталманы» марапатын беріп, меке­менің бәсекеге қабілеттілігі мен бет-бейнесін одан әрі нығайтты.

Талғат ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Денсаулық сақтау министрлігі Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры;

Лаура КАЮПОВА, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары;

Татьяна КРАВЦОВА, директордың клиникалық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45