30 Желтоқсан, 2011

Жаңашыл дәрігер

529 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер

ЖАҢАШЫЛ ДӘРІГЕР

Денсаулық сақтау саласында 30 жылға жуық еңбек етіп, Отандық медицинаның, әсіресе, соңғы жылдары құлақ-мұрын-тамақ және жақ-бет әлпет ауруларын хирургиялық жолмен емдеуде инно­ва­циялық технологияларды енгізуде елеулі табыс­тар­ға қол жеткізуде Алматы қалалық №5 клиника­лық аурухананың бас дәрігері Жанат Қасым­жа­нованың орны ерекше. Сондай-ақ, Жанат Кәкім­сейітқызы Алматы қаласындағы Медеу ауданының да бас дәрігері. Осы қызметке келгелі оның білікті ұйымдастырушылық қызметінің нәтижесінде үйде қайтыс болу, аналар мен балалар өлімі, туберкулезбен сырқаттану, онкологиялық аурулардың ас­қы­нуы сияқты көрсеткіштер айтарлықтай төмен­де­ген. Бас дәрігердің тікелей жетекшілігімен А­л­ма­ты қаласы, Медеу ауданы тұрғындарының денса­у­­лығын қорғау және алдын-ала медициналық тексерулерден өткізу мониторингі үздіксіз жасалып отыр. Оның бар ынта-жігері клиникалардың мо­дернизациясына, олардың заманауи құралдармен жабдықталуына жұмсалады. Сондай-ақ құлақ-мұрын-тамақ және жақ-бет әлпет ауруларын емдеу­де жоғары мамандандырылған диагностикалық-емдік көмек көрсетіліп, инновациялық техно­ло­гиялардың көмегімен мұнда Қазақстанда және Орта Азия елдерінде алғашқы рет балалардың есту жолының атрезиясын операциялық емдеу әдісі енгізілді. 2006 жылы оның жетекшілігімен Алматы қаласында есту қабілеті төмен ересек адамдар арасында кохлеарлық имплантация бойынша операциялар жасала бастады. Мұндай иннова­ция­лар­ды енгізу бас дәрігердің Германия, Австрия, Израиль, Польша, Жапония, Ресей мемлекеттерінің атақты клиникаларымен жеке ынтымақтастық қарым-қатынасының арқасында қол жеткізілді. Жанат Кәкімсейітқызы 1981 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін тәмамдап, 1983-1991 жылдары КСРО ҒА Тамақтану академиясының ғылыми қыз­­­­мет­­кері бола жүріп, 1990 жылы кандидаттық дис­серта­ция­­­сын қорғайды. 1991-1996 жылдары Ал­ма­ты Мемлекеттік медицина институтының кафедра ассистенті, 1998-2001 жылдары Алматы­да­ғы №5 қала­­­­­­лық кли­ни­калық ауруханасы бас дәрі­герінің емхана жө­нін­дегі, 2001-2006 жылдары Жедел-жәрдем меди­ци­на­­­­­лық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды. 42 ғылыми ма­қала, 2 әдіс­­­­те­ме­лік нұсқаулықтың авторы. Жоғар­ғы санаттағы ұй­­ымдастырушы Жанат Кәкімсейіт­қызының осы жылдары атқарған еңбегі бағала­нып, «Денсаулық сақтау үздігі», Астана қаласы­ның 10 жылдық ме­рейтойлық медалімен, «Гиппократ-2011» орденімен марапатталып, «Алтын дәрігер» атағын иеленді. Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Н.На­зар­баевтың Алғыс хатта­рына ие. Міне, осылайша ха­лыққа қалтқысыз қыз­мет етіп жүрген Жанат Қа­сымжанованың еліміздегі саяси науқан бары­сын­дағы «Нұр Отан» партия­сының шешімі оның ал­ды­мыздағы сайлауалды жеке жоспарымен сәйкес келіп отыр. Бірінші кезекте бұл ниеті алматылықтар мен еліміздің болашағы жайлы қамқорлығымен уәж­делген. Дәл осы кезде еліміз демократияның өкі­­­леттілік институттарына жеке бастың қатысуын ес­еп­­ке алмауға болмайтын кезеңді бастан кешіріп отыр. Жанат Кәкімсейітқызының сайлау алдын­­­­дағы бағдарламасының өзекті идеясы – эко­номикалық тұрғыдан дамыған, әр азамат үшін берік әлеу­мет­тік кепілдер берілген, кедейшілікті жойған, тұр­ғын­дар­дың өмір сапасы жақ­сар­тыл­ған, сыбайлас жем­қор­лықпен күрес қамтамасыз етілген мемлекет құру. Еліміздің басты пар­тия­сы алдымызға қойған осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, практик ретінде және жоғары білікті медицина қыз­меткері және шаруашылық жүргізуші ретінде Жанат Қасым­жанова жылдар бойы денсаулық сақтау жүйесінде жиған бар тәжірибесін қолдануды көздеп отыр. – Менің таңдауым саналы түрде қабылданып жатса, кәсіби білігім мен азаматтық көзқара­сым­мен азаматтардың өмірін жақсартуға, денсау­лық­тарын сақтауға және саламатты қоғам құруға себепші болсам, – дейді қалалық мәслихаттың депу­тат­тығына үміткер Жанат Кәкімсейітқызы. - Өйт­кені, әлеуметтік саясаттың мақсаты – жоғары та­быстар, ыңғайлы тұрғын үйлер, белсенді еңбектік қызмет деп санаймын. Өз негізінде мықты эко­номика әр жеке отбасы экономикасымен, әр үйдің берекесімен анықталады. Осы мақсаттарға жетуге көмектесу – қалалық мәслихат депутатының басты мақсаты. Әкімдік пен қалалық мәслихат депу­таттарының күш-жігерін біріктіріп, шаһар эко­номикасын көтеруде, адамдардың ауқаттылығын арттыруда көптеген істерді атқаруға болады. Егер Жанат Кәкімсейітқызы қалалық мәс­ли­хатқа депутат болып сайланған жағдайда кәсіп­кер­лерді қолдау және тауарларды, жұмыс пен қыз­меттерді, мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлер өткізуді әрі қарай жетілдіруге бар күш-жігерін жұмсайды. Бұл жерде денсаулық сақтау жүйесінің сатып алу формаларын ауыстыруға ерекше көңіл қойып, қалалықтардың денсаулығын сақтау ісінде жалған және сапасы төмен арзан дәрі-дәрмектерді сатып алудың жолын кесуге атсалысады. Ал прак­тикалық тәжірибесі мол дәрігер ретінде ауруларға бағасы қолжетімді, ең сапалы заманауи меди­ци­налық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуіміз керек деп санайды. «Арзан препараттардан көбірек» ұстанымынан, оларды қолданғанда «жоғары сапа және тиімділік» ұста­нымына ауысу қажет. Осы мақсатта ақпараттар жинау үшін емханаларда тұрғындарға арналған «жедел желі» ұйым­дастырылған. Сондай-ақ ол тұрғындардың талап­тары мен наразылықтары бойынша шешім қабыл­дау үшін ҚР ДСМ-ін ақпараттандырып, нақты дәрілік құралдарға және жеңілдікпен, әрі тегін препараттарға мұқтаж тұрғындардың саны туралы мәлімет беруге мүмкіндік береді. Жанат Кәкімсейітқызы саламатты өмір салты және адамдардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілік ұстанымы – мемлекеттік саясаттың ден­саулық сақтау аясындағы және тұрғындардың күн­делікті өміріндегі басты мәселесі болуы тиіс деп есептейді. Дәрігер ретінде аумақтық емханаларда егде адамдарға арналған «Денсаулық мектебі» профилактикалық іс-шараларын белсенді түрде енгізбек. Мұнда сұхбаттар, сонымен қатар, жалғыз басты адамдарға қарым-қатынас жасауға мүмкін­дік береді, олар қамқорлық, қолдауды сезіне ала­ды. Диабет, гипертонияға шалдыққан науқастарға арналған мектептер ашып, емханалық қызметтің бұл бағытын әрі қарай кеңейтуге қажетті, барлық емханалық штаттарға енгізілген әлеуметтік қыз­мет­керлерді және психологтарды тартады. Тек Медеу ауданында 70 жастан асқан 18 мың адам тұ­рады, әрине, олардың барлығы сапалы медицина­лық тексерулер мен емдеуге мұқтаж. Кандидат мемлекеттің білім беру, ғылым, мәде­ниет, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау салала­ры­на жұмсалатын шығыстарын әрі қарай артты­руын жақтап: «Жастардың білім алуына бүгін қаржы сал­ған сайын, біздің болашағымызға баға жетпес са­лым жасаймыз, тек кәсіби дайындықтан өткен адам өз елінің игілігіне еңбек етіп, пай­да­сын тигізе ала­ды» дегенді алға тартады. Соны­­мен қатар, меди­ци­на­лық мекемелерде мамандар жетіспеушілігін ескере отырып, студенттерді нақ­­­ты бір медициналық ұй­ымға бекітіп, жеңілдік шарт­­та­рымен жалға берілетін тұрғын үймен қам­тамасыз ету керектігін айтады. Жас мамандарға, медицина қызметкерлеріне, мұ­ғалімдерге және мемлекеттік қызметшілерге ар­налған жатақханалар, жалға берілетін пәтерлердің құрылысы олардың еңбек өнімділігін және ма­териалдық ауқаттылығын арттыруға ынталандыру болып табылады. Тиісінше, осы отбасылар өз балаларының тәрбиесі мен білім алуына көп назар аударып, көңіл бөледі. Тұрмыс жағдайларын жақсарту – ұлттың ден­саулығын сақтаудағы маңызы зор фактор болып табылады. Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері 5-10 жылдан кезекте тұрады. Тұрғын үй мәселесін шешу және тұрғын үймен қамтамасыз етуде кезектің қатаң сақталуына барынша атсалысады. Ең бастысы, Ж.Қасымжанованың Алматы қа­ла­сы әкімдігімен бірлесе отырып белсенді қызме­тінің нәтижесінде 2012 жылдан бастап №5 ҚКА аумағында есту қабілеті төмен және мүгедектерге арналған сауықтыру орталығы салына бастайды. Бұл орталық мүгедектердің барлығына қолжетімді болады. Ыңғайлы подъездер мен пандустардың ұйымдастырылуы жоспарланған.

Болашақпен өмір сүру қажеттілік. Сондық­­­тан Алматы қаласы мәслихатының депутат­ты­ғына кандидат Жанат Кәкімсейітқызы Қа­­сым­жа­новаға сенім білдіруіміз керек. Сапалы және қолжетімді білім алуға, медициналық кө­мекке, тұрғын үй мен тұрмыстың абатты­лы­ғына, қоршаған ортаның тазалығына, кө­ше­леріміздің тәртібі мен тыныш­тығына «иә» деп дауыс берейік, ағайын!

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.

_____________________

Материал ақысы № 29 сайлау округінен Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Жанат Қасымжа­но­ваның қоры есебінен төленді.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45