Қазақстан • 05 Қазан, 2018

Елбасы Жолдауы саясаттың әлеуметтік бағытқа бет бұрғанын көрсетеді - Станислав Канкуров

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» Алматы қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы саясаттың әлеуметтік бағытқа бет бұрғанын көрсететіндігін айтты. 

Елбасы Жолдауы саясаттың әлеуметтік бағытқа бет бұрғанын көрсетеді - Станислав Канкуров

«Мемлекет басшысының Жолдауы қазіргі таңда жүргізіліп отырған саясаттың әлеуметтік салаға бағытталғандығының тағы бір дәлелі. Мысалы енді ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе артады. Бұл жоба бір миллион үш жүз мыңнан астам қазақстандықты қамтиды. Ең алдымен, мұғалімдер, дәрігерлер, жалпы орта таптың жалақысы көтеріледі. Меніңше, бұл экономикаға үлкен үлес қосып, мультипликативті нәтиже береді. Өйткені орта тап өкілдері қазақстандық тауарларды тұтынады. Ал қаржы мемлекет ішінде айналады», дейді С.Канкуров.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында ең төменгі жалақы деңгейін көтеруді тапсырды.