05 Қазан, 2018

Ақтаудағы «Достық үйінде» ассамблея мүшелері Елбасы Жолдауын тыңдады

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтаудағы «Достық үйінде» ассамблея мүшелері Елбасы Жолдауын тыңдады

«Достық үйі» ғимаратында Маңғыстау облысы Қазақтан халқы Ассамблеясы басшылығы, МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер мүшелері, РЖҚ «Жаңғыру жолы» өңірлік штабы жастары «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Елбасы Жолдауын тыңдады. Соңына дейін зейін қойып тыңдаған соң, этомәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері өз ой-пікірлерімен бөлісті.

- Елбасымыздың «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» деген сөздеріне қатты қуандым. Кеше ғана РЖҚ «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының төрайымы болып тағайындалдым, алдағы уақытта керемет жобаларды іске асырамыз деген ойдамыз, деді «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Огай Антонина Вячеславовна.

Елбасы Жолдауы бойынша «Дагестан» дағыстан этномәдени бірлестігінің төрағасы Шахшаев Юсуп Абдурахманович да өз ойымен бөлісті:

-Бұл - Елбасының 1997 жылдан бері 23-ші Жолдауы. Келесі жылы мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға негізделген «Педагог мәртебесі туралы» құжатын қабылдауына толықтай келісемін. Осы құжат арқылы біраз мәселелер қалыпқа келеді деген үміттемін, деді ол.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы