Кездесу төрт раундқа созылды. Бірінші раундтан-ақ Хабиб Конорды соққыға жықты. Екінші раундта Хабибтің бағыттаған жұдырықтары дәл тиді. Үшінші раундта Конор кеткен есесін қайтармақ болып, бірнеше соққысын өткізді. Бүкіл жекпе-жек бойы басымдық танытқан ресейлік спортшы төртінші раундта қарсыласын қылқындырып тастады.
Жекпе-жек аяқтала салысымен Хабиб Нұрмагомедов жанкүйерлерге жұдырық ала жүгірді. Артынша ресейлік спортшының бапкері мен командасы сегізбұрышқа кіріп, Конор Макгрегормен шүйлігісіп қалды. Жекпе-жектің соңы жаппай төбелеске айналды.
Әзірге Хабиб Нұрмагомедовтың бұл қылығына қандай шара қолданатыны белгісіз. Дегенмен ресейлік спортшыны жекпе-жектен шеттетуі әбден мүмкін.