30 Желтоқсан, 2011

Сіз не дейсіз?

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ДАҒДАРЫСТЫ ЕҢСЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Бірқатар шаруашылық жүр­гізуші нысандардың дәр­мен­сіз борышкерлер қатары­на қосылып, банкроттыққа ұшырап жататыны жасы­рын емес. Әлемдік қаржы дағ­дарысының салқыны тиген кәсіпорындар мен мекемелерді сауықтыру жайы қалай? Облыстағы дәрменсіз борышкерлерді оңалту рәсі­мінің тиімділігі қандай, қан­шалықты қайтарымды?

«Егемен Қазақстанның» Ақтөбе облысы бойынша тілшісі  Сатыбалды Сәуірбай Қаржы министрлігі дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Батыс» өңіраралық департаментінің бастығы Аманғос Дербісәлинге:

– Сіз бұған не дейсіз? – «Банкроттық  туралы» Заңда таратумен қатар, мекемені оңалтуға бағытталған рә­сімдер көзделген. Экономи­ка­лық жағдайы қиындаған мекемелерге қаржы дағдарысына байланысты оңалту шара­ла­рын кеңінен  қолдану  Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспарында көрсетіліп, оны орындау мақсатында жұмыс­тар басталған  болатын. Егер 2001-2007 жылдары оңалту рәсіміне Ақтөбе облысы бой­ын­ша кіргізілген кәсіпорын­дар саны 4-еу ғана болса, 2008-2011 жылдар ішінде 23-ке жетті. Бұл рәсімді енгізу көр­сеткіштері бойынша Ақ­тө­бе облысы елімізде көшбас­шы­лардың қатарында келеді. 9 айдың қорытындысы бой­ын­ша еліміздегі барлық оңал­ту рәсімінен өтіп жатқан ме­ке­мелердің 25  пайызы Ақтө­бе облысының үлесіне тиесілі. Бірақ, бұл жерде әңгіме оңалту рәсіміндегі мекемелер­дің санында емес, оның сапа­сында болса керек. Бұлай  дей­тін себебім, бұл рәсімді кіргізу онша қиын емес, алайда, оның әрі қарай жұмысын жүргізу, табыс табу мәсе­ле­лерін шешу оңайға түспейді. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, соңғы екі жылда барлық рәсімді өтіп жатқан мекемелер бойынша көптен бері төленбеген жалақыдан берешекті 185,2 млн. теңге не­месе 99,3 пайыз өтеу ар­қы­лы әлеуметтік шиеленісті жағ­дайлардың алдын алдық. Жал­пы, 650 адамның ала алмай жүрген еңбақылары қол­да­рына тиді. Жалақыдан бас­қа, банктердің, конкурстық кре­диторлардың  506,7 млн. теңге алашақтары өтелді. Алты мекеме оңалту рәсімі­нен өтіп, жұмыстарын қал­пына келтірді. Бір сөзбен айтқанда, оңал­ту рәсімін кеңінен пайдалану  дағдарыстан  шығаратын негізгі жолдың бірі болып отыр. Ақтөбе облысы.