30 Желтоқсан, 2011

АҚШ елшісімен кездесті

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
28 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакспен оның өтініші бойынша кездесті. Кездесуде ОСК төрағасы АҚШ елшісін Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихаттары депутаттары сайлауына әзірлік барысымен таныстырды. Ортсайлауком басшысы атап өткендей, саяси партиялардың сайлауалды үгіт жұмыстары құқық аясында және сайлауалды үгіт шараларының заңнамамен көзделген барлық нысандарында жүріп жатыр. Тек Жаңаөзен қаласында ғана төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар бұқаралық көпшілік шараларды өткізуден бас тартуы және олардың орнын БАҚ-тар мен көрнекі үгіт нысандарын белсендірек пайдалану есебінен толтыруы тиіс. «Сайлау органдары өз тарапынан 15 қаңтарда бұл қаланың тұрғындары өздерінің сайлау және сайлану конституциялық құқығын іске асыруға мүмкіндік алуы үшін барлық қажетті жағдайды жасауда», – деді Қуандық Тұрғанқұлов осы туралы. ОСК төрағасы, сондай-ақ «Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеудің күшін жою себептері жөнінде айта келіп, халықаралық байқаушылардың дауыс беру күні сайлауды байқауды іске асыруына, анықталған кемшіліктерді жою тәртібіне, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну мен тіркеу тәртібіне, бұл үдеріске саяси партиялардың катысуына байланысты сұрақтарға жауап қайтарды. Ал елші өз кезегінде біздің еліміздің сайлау заңнамасы мен Президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси еркі Қазақстан Республикасының алдағы сай­лау­ды ашық өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтіп, сайлауды ұйымдастырушыларға табыс тіледі. «Бұрынғы барлық сайлауларда халықаралық бай­қау­шылар Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өз деңгейінде ұйым­дас­тырғанын атаған еді, – деді Кеннет Фэйрфакс. – Осы деңгей алдағы сайлауда барлық деңгейдегі сай­лау комиссияларында қолдау табады және бұл сай­лау ең табысты сайлау болады деп үміттенеміз». Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.