Әлем • 08 Қазан, 2018

Интерполдың бұрынғы басшысы жемқорлыққа байланысты айыпталуда

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Интерполдың бұрынғы президенті Мэн Хунвэй жемқорлыққа қатысты деп күдіктелуде, деп хабарлайды Euronews.

Интерполдың бұрынғы басшысы жемқорлыққа байланысты айыпталуда

Бейжің басшылығы Мэн Хунвэйді ұстағанын растады. Бұл істі Қытайдың Мемлекеттік бақылаушы органы тексеріп жатыр. Хунвэй Интерполдың басшысы қызметімен қатар Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары қызметін атқарды.   

Лиондағы Интерпол хатшылығына Мэн Хунвэйдің қызметтен кетуі туралы өтініш келіп түседі. Еңбек демалысындағы Мэн Хунвэй 29 қыркүйек күні Қытайдан кеткеннен еш байланысқа шықпаған. Лион прокуратурасы із-түссіз жоғалуы бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Әзірге Интерпол басшылығының тізгіні Оңтүстік Кореяның өкілі Ким Чен Янға өткен. Интерполдың жаңа президенті 18-21 қараша аралығында өтетін Дубайдағы форумда анықталады.