Амеркалық экономистер Уильям Нордхаус пен Пол Ромер экономикалық модельдеу саласындағы нарықтық экономика мен климаттың өзгеруінің байланысын анықтауға қосқан үлесі үшін жеңімпаздар қатарынан табылды.
Уильям Нордхаус 1941 жылы АҚШ-тың Альбукеркеде қаласында дүниеге келген. Бүгінде Йель университетінің профессоры қызметін атқарады. Пол Ромер – америкалық экономист, Нью-Йорк университетінің профессоры, Дүниежүзілік банктың шеф-экономисі.
Нобель сыйлығының лауреаттарын марапаттау жыл сайын 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді. Бейбітшілік пен әдебиет саласы бойынша Нобель лауреаттары дәл сол күні Норвегияның Осло қаласында марапатталады.