Саясат • 09 Қазан, 2018

Табысты өсіру – өмір сапасын арттыру - Матиас Дорнфельд

239 реткөрсетілді

Қазақстан Президентінің Жол­дауы елдің бақытты бола­шағы­ның негізгі параметрлерін айқын­даған. Жастарға, білім мен ден­саулыққа басымдықпен қарау соны аңғартады. Қазір Қа­зақ­стан бұрынғыдан да жоға­рырақ дамыған және осы заман­ғы та­лаптардың үдесінен шыға­тын ел екенін көрсетіп отыр. Қазақ­станның жаһандық әлем­дегі ор­ны мен рөлін айқындайтын эко­­но­микалық бағыт – өңдеу өнер­­кә­сібін арттыру мен «бола­шақ­тың экономикасы» секторын өсіру болса, Президент нақ осы бағдар­ды жандандыруға күш салып отыр. 

«Болашақтың экономикасы» өте маңызды бағыт, әсі­ре­се оның баламалы энергети­ка саласы маңызды. Бәріміз бола­­шақтың энергиясы тақыры­бында Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесі өткенін білеміз. Бұл оның Ор­талық Азия мем­ле­кет­терінің арасынан бірінші болып өз дамуының жаңа шешім­дерін табуға деген ұмтылы­сын көрсетті. Берлиндегі Еура­зия­лық клубтың шеңберінде Қазақ­стандағы «болашақтың эко­но­микасын» цифрландыру жә­не басқа да элементтер тал­қы­лау­дың тақырыбы болды. Осы­нау диалогтік алаң 2012 жылы құ­рыл­ған еді, ол Қазақстан мен Гер­мания, сондай-ақ Еуропалық одақ арасындағы қоғамдық-саяси мәселелердің барлық спектрін талқылауды мақсат еткен. 

Президенттің Жолдауындағы барлық бағыттар да елдің ХХІ ғасырдағы дамуына аса қа­жетті дүниелер. Қазақстанның сырт­қы саясатындағы геосаяси жауапкершілігіне байланыс­ты төмендегі жайларға тоқтала кет­кім келеді. Қазір Қазақстан көп­векторлы сыртқы саясат ұстанып, Шығыстың да, Батыстың да елдерімен жақсы қарым-қаты­наста болып отыр.  Оның үстіне Ас­танада Сирия бойынша келіс­сөздер жүргізілуде, 2010 жы­лы ЕҚЫҰ-ның саммитін де өт­кізді, сондай-ақ Қазақстан бірнеше халықаралық ұйымның төра­ғалығына сайланды. Осының бәрі Қазақстанның сыртқы сая­са­­ты­­ның бейбітсүйгіш және дос­­тыққа ұмтылғыш сипатын көрсетеді. 

Қазақстан – осы заманғы тең­герімді саясатты қолдаушы, ядро­лық қару-жарақты жою, халық­аралық терроризм мен басқа да қатерлерге қарсы күресте әлемдік ұйымдарға белсенді қатысушы болып отырған Азиядағы аз мемлекеттердің бірі. Сондай-ақ ол кикілжіңдерді шешуге белсене қатысуы арқылы әлемдік аренадағы маңызды ойыншылар қатарына шығып отыр. Ауғанстандағы тұрақтылықты сақтау мен бейбіт өмірді қалпына келтіруге Қазақстанның араласып отырғаны қазір маңызды тетіктердің біріне айналды.

Матиас ДОРНФЕЛЬД,

саясаттанушы, Берлиннің Каспий аймағын зерттеу орталығының доценті

Соңғы жаңалықтар

Аталмай неге қалсын Мұса аты?!

Руханият • Бүгін, 10:01

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар