Елбасы Жолдауы әрқайсысымыздың жарқын келешегімізге арналып отыр. Бүгінде Қазақстан халқы 18 миллионға жетті десек, әрбір тұрғынның өзіндік ауыртпалығы, өзіндік қиындығы бар. Сондықтан да әрбір азаматтың басындағы мәселелерді бірлесе шешіп, бір-бірімізге түсіністікпен қарап, бірлескен күш-жігер таныта білгенде ғана қоғам әлдеқайда алға жылжиды деп білемін.
Бүгінде әлемнің озық елдерінің көшіне ілесуде жеткен жетістіктеріміз аз емес. Алайда тағы да алға жылжып, дами беру Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беделін арттыра түсетіні сөзсіз. Сондықтан да әрбір қазақстандық өзінің дамуы, білім алуы мен денсаулығын сақтау жолындағы әрекеттеріне сергек қарауы тиіс. Сергектік зор серпін тудырса, серпін бізді алға ұмтылуға жетелейді. Ал әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі балабақшадан бастау алуға тиіс. Осы орайда аға буын өкілдері мен жастар арасындағы сабақтастықтың да рөлі айрықша. Қоғамның ересек өкілдері жас өскінді ел келешегі үшін қызмет етуге жұмылдыруға тиіс. Қай саланы алсақ та әрбір азаматтың дамуына ешқандай кедергілер болмауы қажет. Осы тұрғыдан алғанда жемқорлықпен күресті күшейту баршамызға ортақ міндет дер едім. Жастар осынау зайырлы қоғамнан өзінің жарқын келешегін барлай алатын болса, онда еліміздің алар асуы әлі алда.
Казбек МАМСУРОВ,
Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары