Спорт • 09 Қазан, 2018

Пара Азия ойындарында спортшыларымыз үш жүлде иеленді

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезия астанасы Джакарта қала­сында өтіп жатқан Пара Азия ойын­дарының екі жарыс күнінде қазақстан­дық спортшылар үш жүлде иеленіп үлгерді.  

Пара Азия ойындарында спортшыларымыз үш жүлде иеленді

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан құра­масының қоржынына алғашқы медаль­ды пауэрлифтинг спортшысы Алина Солодухина салды. 45 килодан жоғары салмақта сынға түсетін отандасымыз 66 кило салмақты еңсеріп, қола жүлдегер атанды. Ал екінші қола жүлдені суда жүзу спорты бойынша жарыс жолына шыққан Дмитрий Ли иеленді.

Пара Азиаданың екінші күнінде спортшыларымыз ел қоржынына үшінші жүлдені салды. Пауэрлифтинг спортшысы Давид Дегтярев 54 килоға дейінгі ерлер арасындағы додада 157 кило зілтемірді көтеріп, күміске қол жеткізді. 

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»