Аймақтар • 09 Қазан, 2018

«Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» байқауы жарияланды

1168 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Солтүстік өңірде кірпігі ғана қимылдайтын қазақ тілінің алпыс екі тамырына қан енді жүгіруі тиісті. Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің тапсырмасымен орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәнінің мұғалімдері арасында «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» байқауы жарияланды.

«Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі» байқауы жарияланды

Бұрын орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілінің қаншалықты деңгейде оқытылып жатқандығына көңіл бөліне бермейтін. Бұдан былайғы арада мұғалімдердің де ынта-ықыласы артып, тіліміздің тұғыры биіктей ме деген үміт бар. Таяуда орыс тілінде білім беретін  білім ошақтарында қазақ тілін оқытып жүрген ұстаздар арасында облыстық байқау өткізілді. Бұл ең алдымен ел ішінде жағымды жаңалық ретінде аталып жатыр. Ұстаздар арасында оңды үрдісті өрістету – ең аддымен тілге деген жанды жанашырлық. Алғашқы додаға 15 мұғалім қатысып, өз бойларындағы білім мен білікті сарапқа салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Бас жүлдені Бурабай ауданындағы Зеленобор мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дамир Сұрағанов жеңіп алды. Бірінші дәрежелі диплом Жақсы ауданындағы Қ.Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің мұғалімі Жанаргүл Алшынбаеваға бұйырды.

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен өткен салтанатты іс-шарада жеңімпаздарға сый-сияпат көрсетілді. Бас жүлдеге 600 мың, бірінші орынға 400 мың теңге берілді. Екінші, үшінші орын алғандар да құралақан қалған жоқ.

Осы бір игілікті шарадан кейін мұғалімдердің бойында құлшыныс пайда болды. Байқаудан соң ұстаздар да, былайғы жұртшылық та ана тіліміздің абыройы асатынына бек сенімді болып тарасты.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше