Медицина • 09 Қазан, 2018

ШҚО-да 2022 жылға дейін 11 жатақхана салынады

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ШҚО-да 2022 жылға дейін 11 жатақхана салынады

Бұл туралы 8 қазанда Өскеменде өткен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов жиында жасаған баяндамасында облыста 2018-2022 жылдар аралығында 4608 орындық 11 студенттік жатақхана салу жоспарланып отырғанын жеткізді. «Оның ішінде 2908 орындық 8 жатақхана жаңадан салынатын болса, 350 орындық 1 жатақхана жөндеуден өткізіледі. Мың орындық жатақхананың құрылысы аяқталды. Сонымен қатар 350 орындық тағы бір жатақхана ғимараты сатып алынатын болады. Қазіргі уақытта облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Өскемен, Семей және Аягөз қалаларындағы колледждер үшін 5 жатақхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр», - дейді Серік Ақтанов.

Отырыста биыл Семейдегі электротехника колледжі үшін 250 орындық жатақхана пайдалануға берілетіні және алдағы уақытта өңірдегі үш бірдей жоғары оқу орындары – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ және Семейдегі Шәкәрім университеттері үшін үш жатақхана құрылысы басталатыны мәлім болды.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар