Қазақстан • 09 Қазан, 2018

Алматыда «Алтын жүрек-2018» сыйлығына басты үміткерлер анықталды

478 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Алматыда «Алтын жүрек-2018» сыйлығына басты үміткерлер анықталды

«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының ұйымдастырушылары 12 жылдан бері еліміздегі нағыз мейірбан, қолы ашық жандарды тауып, мерейін үстем етіп келе жатқаны аян. Айналасына қарасқан жомарт жүректерге алғыс айтып ел алдында мадақтап, марапаттап жүр.

Сонымен Алматы қаласында қайырымдылық аясындағы «Алтын Жүрек» сыйлығының биылғы басты үздік номинанттары анықталды. Биыл барлығы 300 өтінім келіп түсті.

Аталмыш шара жыл сайын «Baurzhan» қорының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы, «Петро қазақстан» АҚ және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Осылайша 4 қазанда өткен сарапшылар кеңесінде әр номинация бойынша үш үміткерден анықталды.

Шараның маңыздылығы жайында ғалым-медик және Америка Денсаулық сақтау ассоциациясының мүшесі Алмас Шарман: «Алтын жүрек» сыйлығымен биыл бірінше рет танысып, үлкен тарихына үңілу мүмкіндігі пайда болды. Бұндай жобалар өте қажет, себебі олар адамдарды игі істерге итермелеп, қоғамды алға қарай жылжытатын мықты күш. Өзім қайырымдылықпен айналысатын болған соң, бұндай жобарлар маған өте қызық. Жалпы, барлық номинацияларды қарастырып, Денсаулық сақтау саласындағы жасалған қайырымды істер көңілімнен шықты» – дейді.

Соңғы өткен қоғамдық кеңесте әділ-қазылар мүшелігіне қазақстандық қоғамдық қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Олардың қатарында саясаткер Расул Жұмалы, «Mary Kay Kazakhstan» Бас директоры Константин Кулинич, қоғам қайраткері, қайырымдылық жобаларының авторы, балаларға арналған «Үй ошағының сиқырлы ертегілері» ертегілерінің авторы Виктория Моминбаева, «Ecо Kultura» ҚК жетекшісі, әлеуметтанушы Алеся Нугаева сынды қоғам қайраткерлері бар.

«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығы жеңімпаздарының есімдері 2018 жылдың 27 қазан күні Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында белгілі болады.

«Алтын жүрек-2018» қоғамдық ұлттық сыйлығының номинанттары:

1. «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы

1.«Damiani» зергерлік бренді (Италия)

2.Ольга Батутина мен Илья Байболатов (Москва қаласы, РФ)

3. Виктория Акатьева-Костылева (Санкт-Петербург қаласы, РФ)

 

2. «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы

1. Ельдар Абдразақов (Алматы қ.)

2. Асылбек Қожахметов (Алматы қ.)

3. Samsung Electronics Central Eurasia (Алматы қ.)

 

3. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы

1. Роза Әлімханова (Қарағанды қ.)

2. Айнұр Тажина (Астана қ.)

3. Иманғазы Ибатұлы (Атырау қ.)

 

4. «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» номинациясы

1. «Қазхром» АҚ трансұлттық компаниясы (Ақтөбе қ.)

2. Сейдахмет Қалтаев (Тараз қ)

3. Сырым Пердебаев (Приозерск қ.)

 

5. «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» номинациясы

1. «Қарекет» ҚҚ (Алматы қ.)

2. «Дети Рисуют Мир»  ҚҚ (Алматы қ.)

3. «Рахат» АҚ (Алматы қ.)

 

6. «Жыл меценаты» номинациясы бойынша

1. «Tengrinews» порталы (Алматы қ.)

2. «КТК» телеарнасы (Алматы қ.)

3. «www.bestdoctor.kz»  медициналық порталы(Астана қ.)

 

7. «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы

1. Алпамыс Шаримов (Орал қ.)

2. Бағдат Самидинова (Алматы қ.)

3. Сергей Глушков (Шығыс Қазақстан обл., Шемонаиха ауданы, Первомайский кенті)

 

8. «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы

1. Марат Итеғұлов (Ақтөбе қ.)

2. Александр Винокуров (Алматы қ.)

3. Арман Машимов (Семей қ.)

 

9. «Жыл ұйымы» номинациясы

1. Айжан Сқақова (Алматы қ.)

2. «Тазалык» экологиялық жобасы (Алматы қ.)

3. «Теле 2 Казақстан» компаниясы (Алматы қ.)

 

10. «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы

1. Анар Ахметцина (Ақтөбе обл., Кеңқияқ пос.)

2. Андрей Савчук (Астана қ.)

3. Гүлнар Қабылбекова (Алматыобл., г. Уштобе)

 

11. «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы

1. Болат Өтемұратов (Алматы қ.)

2. Александр Касицын (Павлодар қ.)

3. Қайрат Құдайбергенов(Алматы қ.)

 

12. «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациясы

1. «Смелость быть первым» корпоративтік қоры  (Алматы қ.)

2. Нұржан Әлжанова (Алматы қ.)

3. «Шинхан Банк Казақстан» АҚ (Алматы қ.)

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ