Қазақстан • 09 Қазан, 2018

Мемлекеттік хатшы ТарМУ мерейтойына қатысты

340 реткөрсетілді

Биыл Жамбыл өңіріндегі жетекші оқу орыны М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің құрылғанына 60 жыл толып отыр. Осыдан 60 жыл бұрын Әулиеата өңірінде Қазақ химия-технологиялық институтының Жамбыл филиалы ашылған болатын. Ол 1963 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі Жамбыл технологиялық институтына айналды. Ал 1962 жылы гидромелиоративтік-құрылыс институты және 1996 жылы Жамбыл универсиеті құрылды. Аталған үш оқу орнының бірігуі нәтижесінде бұл жоғары оқу орны тәуелсіздік жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті болып қалыптасты. Осы уақытқа дейін еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген талай азаматтарды түлеткен университет бүгінде 60-тан астам мамандық бойынша кадрлар дайындайды.

Екі күнге жалғасқан мерейтой аясында елімізге танымал ғалымдардың қатысуымен халықаралық конференциялар мен түрлі басқосулар ұйымдастырылды. Әсіресе конференцияға қатысушылар М.Х.Дулати төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар, мерейтой аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен аталған жоғары оқу орнындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент залында университеттің Байқау кеңесінің отырысы өтті. Бұдан кейін Гүлшара Наушақызы ТарМУ технологиялық кешенінің алаңшасынан бой көтерген «Универсиет шежіресі» атты монументтің ашылу салтанатына қатысты. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде универсиет ұжымын және студенттерді меретойымен құттықтап, бүгінде жастардың сапалы білім алуына мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалып отырғанын атап өтті.

– Елбасы биылғы жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім сапасын арттыру мәселесін ерекше айтты. Нәтижесінде келешекте де жастардың білім алуына мемлекет тарапынан жағдай жасала беретін болады. Бүгінде осы университет қабырғасында білім алып жүрген жастардың егемен еліміздің мықты азаматтары болатынына, алға қойған мақсаттарын бірігіп орындайтынына сенімім мол. Бұл университет тарихы өте бай. Кезінде осы жерден білім алған азаматтар бүгінде әр салада жемісті қызмет атқарып келеді,   – деді Гүлшара Наушақызы.

Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова ТарМУ спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысып, университет ректоры Махметғали Сарыбековпен бірге кешеннің лентасын қиды. Салтанатты жиында сөз алған Гүлшара Наушақызы биылғы жылғы Елбасы Жолдауында бүкілхалықтық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.

– Біздің студент кезімізде мұндай спорт кешендері өте аз болатын. Ал бүгін университет жанынан ашылып отырған спорт кешені жастарға берілген үлкен мүмкіндік. Мұның бәрі де тәуелсіздік табыстары деп білемін. Сонымен қатар, бұл жастар денсаулығының нығаюына, саламатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Осы жерден талай спорт саңлақтарының шығатынына сенімім мол. Тараз Мемлекеттік университеті қашанда спорт жұлдыздарының алтын бесігі, – деді Гүлшара Әбдіхалықова. Ал өз сөзінде бокстан Афины Олимпиадасының жеңімпазы, университет түлегі Бақтияр Артаев дені сау ұрпақтың бәсекеге қабілетті бола алатынын айта келіп, өзі білім алған білім ордасынан болашақта да атақты ғалымдар мен спортшылардың шыға беруіне тілектестігін білдірді.

Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде жастарды жатақханамен қамту жайын баса айтқан болатын. Бүгінде студенттерді жатақханамен қамту мәселесінде Тараз Мемлекеттік университеті жақсы үрдісті бастады. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова ТарМУ гидрокешенінде де болып, жаңа студенттік жатақхананың алғашқы тасын қалау рәсіміне қатысты. Болашақта бой көтеретін жатақхана «ПИКО» құрылыс компаниясымен бірге салынады. Бұл ретте ректор Махметғали Сарыбеков аталған жатақхананың құрылысы 2019 жылы қаңтар айында басталып, 2020 жылы аяқталатынын айтты. Сонымен қатар, жатақхана 500 адамға арналған. Жалпы құны 1 миллиард 500 миллион теңгені құрайды. Гүлшара Наушақызы жатақхана құрылысымен танысып, студенттерді жаңа жатақхана құрылысының басталуымен құттықтады. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде сапалы білім алу үшін де жақсы жағдайдың керек екенін, бүгінде сол үшін мемлекет жастарға қамқорлық жасап отырғанын айтты. Бұдан кейін университет жастарының атынан аталған білім ордасының студенті Нұрсұлтан Сатыбалды үндеу қабылдады.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Руханият • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар