Қазақстан • 09 Қазан, 2018

Алматыда ДДҰ «Саламатты қалалар» желісіне қатысушы мэрлердің саммиті өтеді

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы 23-24 қазан күндері Алматыда жүздеген қалалық әкімшіліктері өкілдерінің қатысуымен ДДҰ-ның «Саламатты қалалар» желісіне қатысушы мэрлерінің саммиті өтеді. Әрі бұл форум Астанада алғашқы рет өтетін медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі Жаһандық конференцияның бастауына айналады.

Алматыда ДДҰ «Саламатты қалалар» желісіне қатысушы мэрлердің саммиті өтеді

Мэрлер мен саяси көшбасшылар қатысатын алқалы жиында қалалардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі рөлі мен денсаулық сақтау шарасына көпшілікті  кеңінен тарту мәселелері талқыланады.

Аталған шара Алматыда қол қойылған алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық декларацияның 40 жылдығына орайластырылған. Өз кезегінде бұл құжат көпшіліктің денсаулығын қамтамасыз етудің стратегиялық негізіне айналған.

Ал аталмыш декларация  Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының «Саламатты қалалар» атты Еуропалық желісін  құруда маңызды рөл атқарғанын атап өту керек.

Сол кезден бастап жергілікті қоғамдастықтар базасы негізінде жұмыс  істейтін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесі көпшіліктің  денсаулығын жақсартудың құрамдас бөлігіне айналды.

Алматы  декларациясының  шежіресін ұлғайта түсетін саммит қалалар мен өңірлердің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі рөлі, сау қалалардың қоғамдағы денсуалық сақтау ісіне тигізетін оң ықпалы,  көші-қон ісіне қатысты әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру сынды маңызды мәселелерді  талқылайды.

Саммит қорытындысы бойынша мэрлердің Алматы үндеуі  қабылданады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ